$522.49 €547.88 ₽5.06
×

Шымкентте 5 мыңнан астам кәсіпкердің құқығы мен мүддесі қорғалды

AstanaTV
30.05.2022ж. 20:00
1216
Шымкентте 5 мыңнан астам кәсіпкердің құқығы мен мүддесі қорғалды

Шағын және орта кәсіпкерлікті дамытуға барынша қолдау көрсетілуде. Былтыр Шымкентте 5 мыңнан астам кәсіпкердің құқығы мен мүддесі қорғалған. Бұл туралы қалалық  прокуратура өкілдері айтты.   Саладағы осы және өзге де мәселелер туралы Айзада Төребекқызы айтады.

Мемлекет басшысы кәсіпкерлікті дамыту  мен қолдауға қатысты   тапсырма берген.  Шымкент қаласының прокурорлары жүктелген сол міндеттер аясында бизнес өкілдерімен арнайы жүздесті. Мәжіліске құқық қорғау, уәкілетті және жергілікті атқарушы орган басшылары да шақыртылған. Мақсат: іс қылам деген азаматтарға қолдан кедергі жасаудың алдын алу.  

Нұржан СЕЙДӘЛИЕВ, ШЫМКЕНТ қ. ПРОКУРОРЫНЫҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ:

Прокуратура тарапынан да 1700 ден астам  Шымкент қаласында кәсіпкерлердің құқықтары қорғалды. 4 мыңға жуық кәсіпкердің заңды мүдделері қорғалды. 58 кәсіпкердің заңсыз әкімшілік жауапкершілікке тартқан жауапкершіліктері проркуратура шешімімен бұзылды.


Прокуратураның мәліметінше, 1 740 кәсіпкердің құқығы,  4 мыңға жуық кәсіпкердің  заңды мүддесі  қорғалған.   Заңды айналымы жылына 170 млрд теңгеден асатын 10 жеке кәсіпкерлік субъектісіне  қатысты 6 қылмыстық іс тоқтатылған.  Жиында сондай-ақ, кәсіпкерлік саласындағы өзге де түйткілдер талқыланды. Ұсыныс-пікірлер айтылды.   

Нұрлан ҚАБЫШТАЕВ, ШЫМКЕНТ қ. КӘСІПКЕРЛЕР ПАЛАТАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ:
 
Өкілетті органдармен бірлесіп шешуге бағытталған бірнеше ұсыныс бар. Бізде кейбір мәселелер шұғыл түрде туындайтын болады кәсіпкерлерге байланысты, ол жерге байланысты, транспорт, логистика саласы, тамақ саласы мысалы. Оперативтік топты прокуратурамен бірлесіп құру ұсынысымыз бар. бұл жақсы практика. Бұл жерде тезірек, дер кезінде шешуге жол береді деген ойдамыз.


Прокурорлар жиында кәсіпкерлердің құқығын қорғау бойынша заңдылықтың жай-күйін, сондай-ақ бизнестің өзге де өткір, өзекті мәселелерін талқылады. Құзырлы орган өкілдері мұндай жиын алдағы уақытта да тұрақты өтіп тұратынын айтты.    

А. Төребекқызы