Спорт Қазақстан
$448.89 €477.93 ₽4.76
×

Ерекше балаларға арналған "Көңілді Старт" жарысы өтті

AstanaTV
30.05.2022ж. 20:00
1637
Ерекше балаларға арналған "Көңілді Старт" жарысы өтті

Елордадада ерекше бала тәрбиелеп отырған 5 мыңға жуық отбасы бар.  Дене шынықтыру және спорт басқармасы  сол бүлдіршіндерге арнап сайыс ұйымдастырды. "Көңілді старт" жарысы балақайларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.    

Нұр-сұлтан қаласының және Есіл ауданының дене шынықтыру және спорт басқармасының қолдауымен мүмкіндігі шектеулі балалар арасында "Көңілді старт" жарысы өтті.  Шараға әлем чемпиондары Серік Сапиев пен Сәбит Жүсіп  қатысып, бүлдіршіндерге    қолдау көрсетті.  Бокстан халықаралық дәрежедегі спорт шебері Мерей Ақшалов та ерекше балаларға  сәттілік тіледі.
 
Мерей АҚШАЛОВ, БОКСТАН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДӘРЕЖЕДЕГІ СПОРТ ШЕБЕРІ:


Президентіміз биыл 2022 жылды балалар жылы деді. Осындай "көңілді старт" жарысы өтіп жатыр. Бұл жарыс балаларымызды спортқа баулу үшін, мотивация беру үшін өткізіліп жатқан шара. Балаларымыз жүгіреді ойнайды, сол балаларға қолдау көрсетіп, жандарында мотивировать етіп солармен бірге жарысамыз.


Ұйымдастырушылардың айтуынша, жарыстың мақсаты: мүмкіндігі шектеулі балалардың спорттық ойындарға деген бейімділігін арттыру. Олардың дене қимылдарын жетілдіру. Сондай-ақ,    жаттығулармен өз бетінше шұғылдануға тәрбиелеу. Ата-аналар  ұйымдастырушыларға дән риза.

Жанар БЕРДІҚҰЛОВА, НҰР-СҰЛТАН ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Командамыздың аты "Қыран құс" деп атады. Қыран құс алға, биікке самға! Екі қыз, екі ұл. Үлкен қызым студент, мына қызым міне 1,5 жастан бері дцп. Жарысқа бірге қатысамыз, жүгіретін кезде менің көмегіммен жасайды, өздігінен жүгіре алмаймыз, бірақ бәрін түсінеміз. Көңілді өте ақылды қыз өте.


Жарыс соңында жеңіске жеткен командалар жүлделі орындармен марапатталды. Ұйымдастырушылар  сый- сияпаттар табыстады.    Бұл күн балаларға ерекше көңіл-күй сыйлады.

Ә. Дүкембаева