Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

Елордада 200-ден астам жеткіншек спорттың 6 түрі бойынша сынға түсті

AstanaTV
30.05.2022ж. 20:00
1299
Елордада 200-ден астам жеткіншек спорттың 6 түрі бойынша сынға түсті

Елордада халықаралық балаларды қорғау күніне орай спорттық жарыс ұйымдастырылды. Оған қатысқан 200-ден астам жеткіншек  спорттың 6 түрі бойынша сынға түсті.  Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің қолдауымен өткен тартысты дода туралы алдағы сюжетте.

Спорт бәйгесіне қатысып, бағын сынап жатқандардың бірі -10 жастағы Дилари. Кішкентайынан күрес өнеріне ықыласы ерекше бүлдіршін болашақта мықты спортшы болуды армандайды.

Дилари, МЕКТЕП ОҚУШЫСЫ:

Мен күреске қатысатын командадағы жалғыз қызбын. Маған осы спорт түрі қатты ұнайды. Бүгінгі байқауда жеңіске жетемін деп ойлаймын.

Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 26 аула клубы бар.  Оның  барлығы  жас өрендердің  спортқа деген махаббатын ашуды көздейді. Мұндай шаралардың пайдасы мол дейді «Astana Jastary» жастар ресурстық орталығының жетекшісі.

Шыңғыс ТІЛЕУЛИН, «АСТАНА ЖАСТАРЫ» ЖАСТАР РЕСУРСТЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ:

Бүгін -өте ерекше күн. Өйткені аула клубтарының арасында спорттық сайыс өтіп жатыр. Тартысты бәйге Нұр-Сұлтан қаласындағы 4 ауданда кезек-кезек өтеді. Сондай-ақ, жарысқа тек клуб командалары ғана емес, қатысуға ниетті   кез-келген бала қатыса алады.


Тартысты бәйгеге қатысқан балалар қазақша күрес, тоғызқұмалақ, арқан тарту, каратэ, футбол сынды спорт түрлерінен сынға түсті. Сондай-ақ, ән айтып, музыкалық аспаптардың  құлағында ойнайтын бүлдіршіндер де көпшілікке өнерлерін паш етті.  

Алина АМАНТАЕВА, «БЕРЕКЕ» АУЛА КЛУБЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ:

Көңіл күй керемет. Қатысушылар спорт түрлерінен сайысқа түсіп қана қоймай, мерекелік атмосфераны сезініп жатыр. Дәл осындай байқаулар көп болса екен деген ниетіміз бар.

Тартысты додаға «Жас қанат», «Астана», «Бәйтерек», «Береке» және «Жар-Жар» аула клубтарының командалары қатысты.
Жарыс қортындысы бойынша «Жас қанат» командасы 1-орын алса, «Астана» мен «Береке» аула клубтарының жас спортшылары 2-інші және 3-орындарды өзара бөлісті.  

А. Задабек