Өскеменде газ жарылып, бір адам зардап шекті. 13 адам эвакцуацияланды. Алдын ала болжам бойынша, газ-ауа қоспасы құрылыс жұмыстары кезінде пайда болған. Жарылыс салдарынан бес қабатты үйдегі пәтерлердің барлығының терезе әйнектері сынған, бірінші қабаттағы кіреберіс есіктер зақымдалған. Жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатқан 1989 жылы туылған ер адам ауыр халде ауруханаға жеткізілді.
Ә. Бердібеков