Жаңа, әділетті Қазақстан халықтың қалауымен құрылады. Жер-жерді аралап, референдумның мән-маңызын түсіндіріп жүрген мәжіліс депутаттары осылай деді. Еліміздегі елеулі оқиғадан халық қалыс қалмаймыз деп отыр. Елді-мекендердегі, тіпті шалғайдағылармен кездескен мәжілісмендер, ауылдағы ағайынның белсенділігіне тәнтті. Бұл өзгеріс жаңа мақсаттар мен құндылықтарға жол ашатынына бек сенімді.
Мемлекетіміздің болашағын айқындайтын тарихи һәм саяси процесті атыраулық ұстаздар қауымы қолдап отыр. Жаңа Қазақстанның бейнесі бірінші кезекте білім беру жүйесінде қалыптасады,- дейді олар.
Ербол ШАЙҚЫ, Қ.ҚАЙСЕНОВ АТЫНДАҒЫ №33 ОРТА МЕКТЕП ДИРЕКТОРЫНЫҢ ТӘРБИЕ ІСІ ЖӨНІНДЕГІ ОРЫНБАСАРЫ:
Білім беру саласындағы біршама жаңа көзқарастарды, жаңа ортаны қалыптастады деп ойлаймын. Рефорендумға барлығымыз бір кісідей атсалысып, саяси науқанның маңыздылығын түсініп, елді бірге дауыс беруге шақыруымыз керекпіз.
Мәжіліс депутаттары, "AMANAT" партиясының фракция мүшелері Сәлімжан Нақпаев пен Нұрлыбек Ожаев референдумның маңызы мен мақсатын айқындап өтті. Олар бұған дейін облыстың 7 ауданын толық аралап шыққан. Ауылдықтардың да референдумнан күтері мол,- дейді депутаттар.
Сәлімжан НАҚПАЕВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, «AMANAT» ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:
Облыс халқы өте жақсы қабылдауда. Өйткені еліміздегі өзгерістер, болып жатқан саяси реформалар оның барлығын халық дұрыс түсініп отыр. Өйткені еліміздің дамуы үшін, экономика нығаю үшін осы заңдар өзгеру керек алдымен. Бірінші саяси жаңғыртулар керек. Жаңа Қазақстан дегенеміз, ол - әділетті Қазақстан. Жаңа Қазақстан - экнономикасы нығайған Қазақстан. Сондықтан халық бар үміті рефрендумда.
Жамбыл облысында жұмыс сапармен жүрген Парламент Мәжілісінің депутаты Мейрамбек Төлепберген Жуалы ауданында болып, бірқатар мекеме өкілдерімен және ауыл тұрғындарымен кездесті. Кездесу барысында «AMANAT» партиясы жанынан құрылған жалпыхалықтық референдумды қолдау жөніндегі штаб мүшесі Конституцияға енгізілетін саяси өзгерістер туралы әңгімелеп, оның өз кезегінде халықтың тұрмыс-тіршілігіне оң әсері туралы да тереңірек ой толғады.
Мейрамбек ТӨЛЕПБЕРГЕН, ҚР ПАРЛАМЕНТ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, «AMANAT» ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:
Әулиеата жұртшылығы әділетті Қазақстанның негізінің бәрі көрініс тапқан қазіргі саяси реформалық өзгерістерге жақтап қостап дауыс беретіндігін білдіріп отыр. Бұл деген сөз референдумнің тарихи маңызы, айналып келгенде халықтың қалауы. Сондықтан да жаңа Қазақстанды, әділетті Қазақстанда халықтың өз қалауымен құрылатынына халықтың жалпы ұлттық сенімі қазірдің өзінде айқындалуда менің соған зор сенімім бар.
Егер конституциялық реформа қабылданса, онда бірқатар өзгерістер жасалады. Ол өзгерістер қоғамды ашық етуге бағытталады,- дейді депутат. Ол үшін халықтың қолдауы қажет деген мәжілісмен әрбір азамат осы тарихи бетбұрысты жасауға өз үлесін қоса алатынын жеткізді.
Б. Надірқызы