Спорт Қазақстан
$443.35 €475.54 ₽4.82
×

Илья Ильиннің ағасы мен спорт саласын басқарған шенеуніктер сотты болды

AstanaTV
31.05.2022ж. 20:00
872
Илья Ильиннің ағасы мен спорт саласын басқарған шенеуніктер сотты болды

Қызылордада зіл темірші Илья Ильиннің ағасы мен облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының бұрынғы басшысы сотты болды. Ауыр атлетика чемпионының бауыры олимпиадалық резервтің облыстық мамандандырылған балалар мен жасөспірімдердің мектебін басқарған болатын. Істі болғандардың қатарында одан өзге 4 директор бар. Олар спорт мектептерінің қызметін тексеру барысында оң қабақ таныту үшін   6,5 млн. теңге көлемінде пара беруге оқталды деп айыпталып отыр. Сот спорт басқармасының бұрынғы басшысына 5миллион теңге, қалғандарына 10-нан 20 миллион теңгеге дейінгі аралықта түрлі айыппұлдар салды.

М. Тоқтасынқызы