Ауа райы -
Негізгі / Жаңалықтар / Қызылжарда 17 жастағы жасөспірім 12-қабаттан құлап, көз жұмды

Қызылжарда 17 жастағы жасөспірім 12-қабаттан құлап, көз жұмды

Қызылжарда 17 жастағы жасөспірім  үйдің 12-қабатынан секіріп кеткен.  Таңсәріде жұмысқа бара жатқандар тұрғын үй ауласында жатқан қызды көріп, жедел жәрдем шақырған.  Дәрігерлер оның дене жарақаттарынан көз жұмғанын растады. Бұған қатысты қылмыстық із қозғалды, полицейлер мәселенің мән-жайын анықтап жатыр.

Нұрбек БАЕКИН, СҚО ПД БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІНІҢ ИНСПЕКТОРЫ:


Аталған факті ҚР қылмыстық кодексінің 105 бабы, өзін өзі өлтіруге дейін жеткізу бойынша сотқа дейінгі тергеп тексерілудің біріңғай тізіліміне енгізілді. Сараптамалар тағайындалды. Болған оқиғаның мән-жайын сотқа дейінгі тергеу шеңберінде анықталатын болады.


Жеткіншек қаладағы колледждердің бірінде оқыған көрінеді.  12 қабатты үйде   ата-анасымен бірге тұрған. Көршілері бұл отбасы туралы жақсы пікірде, бұрын соңды жанжал немесе оғаш қылықтарын байқамағндарын айтады.  

Михаил МИЛЮТИН, ПЕТРОПАВЛ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:


Ашық мінезді, тәрбиелі қыз болатын. Інісі де жақсы бала. Ол отбасы туралы жаман ештеңе айта алмаймын. Бізде үйде қабырғалар жіңішке, көршілердің әңгімесі анық естіледі. Ол үйде жанжалдың болғанын естімедік.


А. Құрманкин