$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Оралдық шенеуніктер Антикордың атышулы мәлімдемесімен келіспейді

AstanaTV
01.06.2022ж. 20:00
1390
Оралдық шенеуніктер Антикордың атышулы мәлімдемесімен келіспейді

Оралдық шенеуніктер сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің атышулы мәлімдемесін теріске шығарды. Айта кетелік, арнамызға сұхбат берген Антикор өкілдері оралдық шенеуніктердің жетім-жесірлерге тиесілі пәтерді басқаларға бөліп бергені туралы мәлімдеген еді. Орал қаласы әкімдігінің өкілдері бұған тұрғын үй қатынастары туралы заңдағы екі баптың бір-біріне қарама-қайшылығы себеп дейді. Осыны сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет дұрыс түсінбеген деп отыр. Ал, заңсыз үй алған 247 адам Оралға басқа аймақтан қызмет бабымен ауысып келген дәрігер, әскери қызметшілер, полицейлер және бюджеттік сала мамандары болып шықты.

Қанат ӨМІРӘЛИЕВ, ОРАЛ қ. ТҰРҒЫН ҮЙ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ЖӘНЕ АВТОКӨЛІК ЖОЛДАРЫ БӨЛІМІ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:


Комитеттен арнайы хат алынды. Қандай мақсатта кезекке алынып, қандай кезде шығарылмайды? Соны негізге ала отырып, біз тұрғын үй кезегінен шығардық. Сондықтан да 169 адам негізсіз кезек тәртібін бұза отырып, үй алды деген факті дұрыс емес, заңға қайшы келеді. Келіспейміз.


Естеріңізге салайық, өңірдегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі жетімдердің несібесіне жармасқан жергілікті шенеуніктердің мемлекеттен берілер пәтерді ханталапайға салғанын айтқан еді. 169 адамға кезектен тыс үй әпергенін мәлімдеп, бұл аздай, пәтерге мұқтаж емес тағы 247 адамға баспана берілгенін хабарлаған болатын.

Е. Карин