$498.34 €519.72 ₽4.85
×

ДНК арқылы тұқым қуалаушылық дертті анықтауға болады

AstanaTV
01.06.2022ж. 20:00
2158
ДНК  арқылы тұқым қуалаушылық дертті анықтауға болады

ДНК   арқылы тұқым қуалаушылық дертті анықтауға болады. Соңғы жылдары елімізде ақыл-ойға жүгінетін инновация қарқынды дамуда. Ұлттық биотехнология орта­лығында  өзге салалар үшін де маңызды жаңалық көп. Олардың қандай ерекшелігі бар? Әсел Дүкембаева айтады. 

Биология ғылымдарының кандидаты Елена Жолдыбаева адам генетикасын зерттеумен айналысады. Бойдағы қандай да бір тұқым қуалайтын дерттер және оның ерекшеліктері осы зертханада сарапталады. Генетикалық тестілеудің әдістері бізде де бар дейді ғалым.

Елена ЖОЛДЫБАЕВА, ҰЛТТЫҚ ҰЖЫМДЫҚ ПАЙДАЛАНУ ҒЫЛЫМИ БИОТЕХНОЛОГИЯ ЗЕРТХАНАСЫНЫҢ МЕҢГЕРУШІСІ:

Шетелді алатын болсақ, АҚШ, Еуропаны алатын болсақ, жағдай біршама жасалған. Бірақ, біздің өзімізде де жергілікті орнымызға байланысты генетикалық маркерды анықтауға болады. Бұл әрине, тұрақты жерге байланысты. Қазақстандық ғылым бұл адамның тұрған жері мен өмір сүру салтына байланысты. Жалпы бастап отырған бастамамыз адам денсаулығының сырқаттарын алдын алуға бағытталған.

Мейлі ол қатерлі ісік болсын, сараптама жасап, оны дер кезінде анықтауға болады.  Отандық ғалымдар "біз диагноз қоймаймыз, тек мүмкіндігі жоғары гендерді нақтылап  береміз" дейді.  Айтуынша, геномдарды зерттеу  мерзімі технологияға  байланысты.  Оған  2 күн немесе  2 сағат кетуі мүмкін.  

Қымбат МҰХТАРОВА, ҰЛТТЫҚ БИОТЕХНОЛОГИЯ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ҚЫЗМЕТКЕРІ:


Қан немесе ауыздың ішкі сілекейлік қабатының жасушаларын беру арқылы біз  жеке талдау ере аламыз.   ДНК бөліп шығарамын. Генотипін анықтаймын, яғни ДНК тізбегінің құрамын анықтаймыз.   

Тұқым қуалаушылықты зерттейтін ғылым көп кеселдің алдын алуға көмектеседі. Биотехнология орталығында түрлі терең талдаулар жүргізіліп жатыр. Сүт безі мен жатыр мойнының қатерлі ісігі, жүрек аурулары, бедеулік және қант диабеті сияқты біраз сырқаттан сақтануға мүмкіндік бар.  

Ә. Дүкембаева