$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Орталық референдум комиссиясының төрағасы ТМД-дан байқаушылар Миссиясының басшысымен кездесті

AstanaTV
01.06.2022ж. 20:00
1140
Орталық референдум комиссиясының төрағасы ТМД-дан байқаушылар Миссиясының басшысымен кездесті

Орталық референдум комиссиясының төрағасы тәуелсіз мемлекеттер достастығының байқаушылар Миссиясының басшысымен кездесті. Бас қосуда Нұрлан Әбдіров референдумға дайындық пен оны өткізудің негізгі кезеңдерімен қысқаша таныстырды.Байқаушылар миссиясының басшысы да өз қызметін Қазақстан заңнамасына сәйкес атқаруға ниетті.

Леонид АНФИМОВ, ТМД БАЙҚАУШЫЛАР МИССИЯСЫНЫҢ БАСШЫСЫ:

Құрметті достар, әріптестер! Қазақстандағы басшыларға ерекше алғысымды айтқым келеді! Беріліп отырған мүмкіндік үшін  халықаралық бақылаушылар тізімінде болғаным үшін рахметімді айтамын.

Референдумды түсіндіру жұмыстары  жалғасуда. Науқан жақындаған сайын Мәжіліс депутаттары халықпен кездесуді жиілеткен. Қазір олар күніне бірнеше жерде болып,  азаматтарды толғандырған сауалдарға жауап беруде. Басымдық шалғай ауылдар мен еңбек ұжымдарына беріліп отыр дейді  Мәжіліс депутаты,  «AMANAT»  фракциясының мүшесі Саясат Нұрбек. Оның сөзінше халық қалаулылары ақпараттық түсіндірмелік жұмыстармен қатар тұрғындардың әлеуметтік-экономикалық мәселелерге қатысты талап-тілектерін тыңдап, сауалдарын жинақтауда. Түсіндірудің бірінші толқынының өзінде 3 мыңнан астам тұрғын өз сұрағын жолдаған.

Саясат НҰРБЕК, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, «AMANAT» ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:

Басым көпшілігі сол жергілікті проблемалар. Сол су, жол, мектептердің жетіспеуі, баға өсімдері. Бірақ ең көп сауал, ең көп шағым-арыз заңсыздық, соттың шешімдері, атқарушы биліктің шешімдері, әділетсіздік бағытында келеді.  


Қоғамдағы  мәселелердің шешімін табу Конституциядағы түзетулер арқылы мүмкін болады дейді депутат. Яғни Конституциялық соттың құрылуы, адам құқықтары жөніндегі уәкіл мен бас прокуротураның құзыретіне енгізілетін  өзгерістер ел азаматтарының әділдікке қол жеткізуіне нақты көмектеседі деп есептейді.  

Б. Сатуов