Спорт Қазақстан
$443.35 €475.54 ₽4.82
×

Жоғары оқу орнын тәмәмдаған түлектердің 60 проценті өз мамандығы бойынша жұмыс істемейді

AstanaTV
02.06.2022ж. 20:00
2545
Жоғары оқу орнын тәмәмдаған түлектердің 60 проценті өз мамандығы бойынша жұмыс істемейді

Жоғары оқу орнын тәмәмдаған түлектердің 60 проценті өз мамандығы бойынша жұмыс істемейді. Оның түрлі  себебі бар дейді мамандар. Жастарға мамандық таңдауда бағдар беретін арнайы нұсқаулық жоқ. Сондай-ақ,  мектеп бітірген бала  қай мамандықтың сұранысқа ие екенінен хабарсыз болады.  Ал жастар бұған не дейді? Мамандық таңдауда нені  ескерген жөн? Мәселені тілшіміз зерттеді.

Мақпал ДҮЙСЕН, ТІЛШІ:

Елімізде өзіңіз қалаған  жоғары оқу орнын таңдауға мүмкіндік бар. Бірақ,  жас түлектердің көбі ата-анасының ақылына құлақ асады, немесе бөлінетін грант санына қарап мамандық таңдайды. Ол жасырын емес. Мәселе, міне осыдан туындайды. Жүрегі қаламаған мамандық бойынша қанша жыл білім алса да, әрі қарай  жұмыс істеуге еш қызығушылығы болмайды.   

Алдияр Шамсудинов бір жылдан астам уақыттан бері өз мамандығы бойынша жұмыс таба алмай жүр. Қолында сәулет және дизайн маманы деген табақтай дипломы бар.  

Алдияр ШАМСУДИНОВ, УНИВЕРСИТЕТ ТҮЛЕГІ:


Жұмысты тез табамын деп ойлағанмын. Барлық жерге резюмемді жіберіп жүрмін,бірақ біреулер опыт керек дейді, біреулер құрам толық дейді.  


Алдияр сияқты талай жас сенделіп жүр.  Өйткені, ата-ана баласына дұрыс бағыт бермейді дейді мамандар. Мамандық таңдауда ескеретін жайттар бар екенін айтады.  

Айбарша ЖАҚСЫЛЫҚ, ОҚЫТУШЫ:

Кейде ата-аналар өзінің қолы жетпеген, кезінде ұнатқан мамандығын мынау дұрыс деген сияқты міндеттеп қояды. Ал ол – тұлға. Өсіп келе жатқан бала. +Сондықтан да өмірге келген әр тұлғаның өз таңдауына мүмкіндік беру керек. Кішкентай кезінен баланы түрлі мамандықтармен таныстырып қою керек. Бала өзінің қызығушылығын сол жерден табуы керек. Біз таңдау құқығына мүмкіндік беруіміз керек.  

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес биыл жоғары оқу орындары гранттарының 60 проценттен астамы техникалық мамандықтарға бөлінген. Сәйкесінше, талапкерлердің көп бөлігі осы саланы таңдап отыр. Алайда Білім және ғылым министрлігінің пайымдауынша, түлектердің 1 процентке жуығы  мемлекеттік білім грантынан бас тартатын көрінеді.  

Әділбек МАНСУРОВ, ҚР БҒМ ЖОҒАРЫ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРНЫНАН КЕЙІНГІ БІЛІМ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАС САРАПШЫСЫ:
 
Кейбір абитуренттер оқуға тапсырған кезде бірнеше гранттарды бірден ұтып алуы мүмкін. Басқа себеп -  олар таңдаған пәндеріне сәйкес басқа қалаға барғысы келмейтіндіктен бас тартып жатады. Кейбіреуі қаламаған мамандықтары бойынша грант ұтып алып, сосын басқа өзінің қалаған мамандығына ауысу үшін гранттан бас тартады.
 
Қаңтар және наурыз айларының ұлттық біріңғай тестілеу нәтижелеріне сәйкес ең танымал пәндер комбинациясы -математика-физика, химия-биология екені белгілі болды. Бұл пәндерді биылғы түлектердің 20-30 проценті таңдаған.  

М. Дүйсен