$510.08 €539.61 ₽5.15
×

Алғаш дауыс беретіндерге сыйлық табысталады

AstanaTV
02.06.2022ж. 20:00
2409
Алғаш дауыс беретіндерге сыйлық табысталады

Елімізде 5 маусымда маңызды қадам, үлкен бетбұрыс жасалмақ. Қазір   жер-жерде  дайындық жұмыстары пысықталып жатыр. Дауыс берушілер тізімі нақтылануда. Ресми мәлімет бойынша, қазақстандықтардың 76 проценттен астамы референдумға  қатысуға ниетті. Аймақтардағы ахуалды толығырақ  тілшілеріміз баяндайды.

Мөлдір ТОҚТАСЫНҚЫЗЫ, ТІЛШІ:

Қызылордада 373 референдум учаскесі бар.  Оның  120-сы облыс орталығында орналасқан. Учаскелерге бюллетеньдер жеткізілген. Референдум комиссиясының төрағасы арнайы байқаушылардың болмайтындығын айтты. Саяси науқан барысын жергілікті қоғамдық бірлестіктер мен БАҚ өкілдері қадағалайды.  Аймақта 462 мыңнан аса сайлаушы тіркелген. Оның  10 мыңға жуығы биыл алғаш рет дауыс береді. Мүмкіндігі шектеулі жандар үшін барлық жағдайлар қарастырылған.  

Ғалым БАЙМЫРЗАЕВ, АУМАҚТЫҚ РЕФЕРЕНДУМ КОМИССИЯСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

Мүмкіндігі шектеулілерге байланысты келетін болсақ, 90 пайыз учаскелердің барлығы бірінші қабатта орналасқан. Және де олардың барінде тактильді, мүмкіндігіне қарай тактильді жолаушыларымен орналастырылған. Және де арнайы трафареттер де болады көзі көрмейтін жандарға.

Мөлдір ТОҚТАСЫНҚЫЗЫ, ТІЛШІ:

Кәмелет жасқа толған азаматтар 109 номері арқылы немесе ұялы телефондарына жіберілген сілтемелерге өтіп, өздерін тізімнен тексере алады. Сол күні алыс жолға шығатындар, тұрағын өзгертетіндер учаскелерінен анықтама алуы шарт. Аймақта мұндай адамдарға қызмет көрсететін 23 орын бар.   Әрі қарай Қостанайдағы дайындық барысын әріптесім Заңғар Санай баяндайды.

Заңғар САНАЙ, ТІЛШІ:

Мөлдір, рахмет! Тобыл-Торғай өңірі  референдумға толық дайын.   Облыс бойынша 735  учаске ашылған.  Облыстық, қалалық, аудандық учаскелік комиссиялар 16 -мамырдан бастап жұмысқа кіріскен. Комиссия мүшелері  алдын-ала арнайы сынақтан өтіп, сертификат алған. Қостанай облысында 550 мыңнан астам сайлаушы бар.

Сәния ШӘРІПОВА, ҚОСТАНАЙ ҚАЛАЛЫҚ РЕФЕРЕНДУМ КОМИССИЯСЫНЫҢ ТӨРАЙЫМЫ:


Дәл қазіргі уақытта осы комиссия мүшелері үй аралап, есіктен –есікке шақыру қағаздарын таратуда. Өйткені әр дауыс өте маңызды.Телефон қосымшалары арқылы да тексеруге болады. Кім? қай жерге барып дауыс бере алатынын анықтауға болады.

5-маусым күні Қостанай қаласында 87 учаске жұмыс істейді.172 мыңнан астам қала тұрғыны сайлаушылар тізіміне енгізілген. Референдумға  қоғамдық бірлестік өкілдері байқаушы ретінде қатысады.  

Заңғар САНАЙ, ТІЛШІ:

Елеулі күн есте қалу үшін алғаш рет дауыс берген жастар мен  қарт тұрғындарға сыйлық беріледі. Туған күн иелері де құр алақан қалмайды дейді қалалық комиссия өкілдері. Астықты өлке атаулы науқанға  осылайша толық дайын. Ал қара алттынның отаны Қарағандының  дайындығы қалай? Оны әріптесім Айжан  баяндайды.

Айжан ҚУАШ, ТІЛШІ:

Рахмет, Заңғар! Қарағанды облысы бойынша  777 сайлау учаскесі   жабдықталған. Ұйымдастырушылар 3 жетіліктің өзін сәттілікке жорып отыр. Учаскелер мектептер мен орта және жоғарғы оқу орындарында, сондай- ақ мәдениет үйлерінде   ашылған. Барлығына арнайы кабиналар мен мөлдір жәшіктер, ақпараттық тақтайшалар орнатылған.    Дауыс беру науқанының ашықтығын бақылаушылар қадағалайды.

Юрий ЕРЕМИН, ҚАРАҒАНДЫ ҚАЛАСЫ №66 РЕФЕРЕНДУМ УЧАСКЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ:
 
Қоғамдық ұйым мүшелері мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері де бақылаушы ретінде қатыса алады. Олардың саны белгісіз. Дауыс беретін күні келіп тіркеледі де қатыса береді.

Қала тұрғындары   референдумға қатысуға ынталы. Конституцияға енгізілетін өзгерістердің барлығы да маңызды дейді олар.   

БЛИЦ:

- Жаңа реформаларды мен жалпы қолдаймын. Президенттің жолдауы Қазақстанның дамуына үлес қосады деп ойлаймын.

- Әрине қолдаймыз, халық бару керек, азаматтық борышын орындау керек. Реформалар үшін дауыс береміз, барамыз.  


Референдум жөнінде хабарлама  барлық азаматқа мобильдік желі арқылы да жіберілген.

Айжан ҚУАШ, ТІЛШІ:

 
Кез-келген адам sailau09.kz сайты арқылы тізімде бар-жоғын анықтай алады.  Жалпы қазақстандықтар gov.kz және referendum.gov.kz порталдарынан өз учаскелерін тауып, дауыс берулеріне болады. Ол үшін ЖСН нөмірін теру жеткілікті.

А. Қуаш, З. Санай