Спорт Қазақстан
$442.05 €474.14 ₽4.74
×

Халық Конституцияға енгізілер өзгерістерді көбейтуді сұрап отыр – Мәжіліс депутаттары

AstanaTV
02.06.2022ж. 20:00
1099
Халық Конституцияға енгізілер өзгерістерді көбейтуді сұрап отыр – Мәжіліс депутаттары

Халық Конституцияға енгізілетін өзгерістерді көбейтуді сұрап отыр. Батыс Қазақстан облысының халқымен кездесіп жүрген  Мәжіліс депутаттары осылай дейді. Олардың айтуынша, бұқара алдағы референдумнан үлкен үміт күтеді.

Мәлік ҚҰЛШАР, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, «АМАNАT» ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:
 
Конституцияға тағы да мынадай өзгеріс енгізілсе қайтеді, мынадай баптар былай жазылса деген үлкен пікірлер айтылды. Біз оның барлығын республикалық штабқа жеткіздік. Ал біздің қарапайым халықтың бұрынғыша көтеріп жатқан негізгі мәселелері – жол, ауыз су, газ кейбір өткізілмеген жерлерге және ең бастысы мына ауыл шаруашылығы өндірісін дамыту үшін мал жайы жөнінде көптеген мәселелер көтерілді.

Бұл жолы Парламент Мәжілісінің депутаттары Оралдағы жол салатын компания жұмысшыларымен кездесіп, ел тарихындағы елеулі күн туралы сөз қозғады. Жұмысшылар да болашақты айқындар Ата заңды уақыт талабына сай өзгертуге мүдделі болуымыз тиіс, десті. «Жаңа Қазақстанның қоғамында әділеттілік орнауы тиіс. Өйткені әділдік бар жерде билікке де сенім бар, жақсы өмір сүруге құлшыныс арта түседі. Сонда ғана болашаққа сенім күшейеді, дейді жұмысшылар.

Ерасыл ҚАЙЫПҚАЛИЕВ, ЖҰМЫСШЫ:

Үлкен өзгерістер күтем, әр адам үшін, мемлекет үшін. Ол орын алуы керек. Дәл осы 30 жылда біз басқа мемлекеттермен салыстырғанда он қадам жасасақ, мысалы референдумнан кейін мен бұл әр жыл сайын он қадам жасайтындай өзгерістер күтем қарапайым тілмен айтқанда.

Е. Карин