Бүгін түнгі сағат 00:00-ден кейін референдум алдындағы «тыныштық» күні басталады. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Бас прокурорының орынбасары Болат Дембаев мәлімдеді. Яғни, науқанға бір күн қалғанда және референдум өтетін күні үгітке, соның ішінде қоғамдық пікірге сұрау салу нәтижелерін немесе референдум нәтижелерінің болжамдарын жариялауға тыйым салынады. Оның айтуынша, талапты бұзғандар заң бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылады.Сондай-ақ ведомство өкілі басқа біреу үшін дауыс беру заңмен қудаланатынын ескертті.
Ә. Дүкембаева