$474.72 €515.17 ₽5.58
×

10 мың 13 референдум учаскесі ашылды

AstanaTV
05.06.2022ж. 09:00
1177
10 мың 13 референдум учаскесі ашылды

Араға 27 жыл салып жалпыхалықтық референдум өткелі отыр. Орталық референдум комиссиясының дерегінше бүгін ел аумағында 10 мың 13 референдум учаскесі, таңғы сағат 8-ден бастап  жұмысын бастады. Санитарлық талаптар да ескеріліп, халықтың дауыс беруі үшін барлық жағдай жасалған. Шамамен 12 млн-ға жуық адам жалпыхалықтық референдумға қатысу құқығына ие. Заңға сәйкес халықтың 50 пайыздан астамы қатысқан жағдайда референдум өткен болып есептеледі. "AMANAT" партиясының қоғамдық саясат институты жүргізген әлеуметтік сауалнамаға сәйкес респонденттердің 87,3 пайызы референдумнан хабардар. 58,9 пайызы әлеуметтік желі арқылы, 45,1 пайызы телеарналардан құлағдар болған. Қалғандары өзара  сөйлесу кезінде, ғаламтор, радио арқылы естіпті. Конституцияға енгізілетін түзутулер қаншалықты түсінікті деген сауалға 67,5 пайызы түсінгенін, дауыс беруге барасыз ба деген сауалға  67,4 пайызы ниетті екенін жеткізіпті. Әлеуметтік сауалнамаға барлық өңірден 18 жастан асқан 1700 респондент қатысты. Референдумда дауыс беретін учаскеңізді қалай білуге болады? Осы туралы аз-кем ақпарат болсын. Бұл сервис 3 ақпараттық ресурс арқылы жұмыс істейді. gov.kz және referendum.gov.kz порталдары ашып, ЖСН нөміріңізді енгізу арқылы, өз учаскеңізді тауып, дауыс беруіне болады.