$478.93 €534.96 ₽5.16
×

Әлихан Смайылов референдумда дауыс берді

AstanaTV
05.06.2022ж. 09:00
1236
Әлихан Смайылов референдумда дауыс берді

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Әлихан Смайылов еліміздің Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөніндегі республикалық референдумда дауыс беруге қатысты. Үкімет басшысы Ұлттық академиялық кітапхана ғимаратында орналасқан №111 сайлау учаскесіне алғашқылардың бірі болып барды. Өз таңдауын жасады. Айта кетейік, сайлау учаскелері сағат 07:00-де ашылды, дауыс беру жергілікті уақыт бойынша сағат 20:00-ге дейін жалғасады.

Т. Әлжанов