Референдум ел бірлігінің мықты екенін көрсетті. Саяси шараға халық біркісідей атсалысты. Әсіресе, жастардың белсенділігі жоғары болды. Референдумды қоғамдық қолдау республикалық штабы осындай қорытынды жасады. Сарапшылардың айтуынша, Жаңа Қазақстанды ел болып бірігіп, құру керек. Ал барлық өзгерістер мен түзетулер қазіргі және болашақ ұрпақтың игілігіне бағытталған дейді.
Бану НҰРҒАЗИЕВА, "ҚАЗАҚСТАННЫҢ АЗАМАТТЫҚ АЛЬЯНСЫ" ЗТБ ПРЕЗИДЕНТІ:
Барлық 33 бапқа енген өзгерістер ол біздің өмірімізді өзгертеді. Қалай десеңіз? Ең біріншіден, мына азаматтардың құқығы көбейіп жатыр. Қай саланы алсақ та сайлау жүйесі өзгеріп жатыр.
А. Базарбай