$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 14 % деңгейінде сақтайды

AstanaTV
07.06.2022ж. 20:00
1291
Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 14 % деңгейінде сақтайды

Ұлттық банк бүгіннен бастап базалық мөлшерлемені 14 процент деңгейінде сақтайды. Мұндай шешімге айлық инфляцияның сәуірде 2, мамырда 1,4 процентке дейін баяулауы негіз болған. Әрі жылдық мәнде 19 процентке  жеткен азық-түлік өнімдері бағасының өсуі де әсер еткен. Бұл туралы Ұлттық банк төрағасы Ғалымжан Пірматов   мәлімдеді. Оның айтуынша, елдегі макроэкономикалық ахуалдың бұдан кейінгі дамуына қатысты болжам да жаңарды. Төраға ішкі-сыртқы  азық-түлік нарығындағы баға динамикасы тамақ өнімдерінің  барынша қымбаттайтынын көрсетеді, - дейді.

Ғалымжан ПІРМАТОВ, ҚР ҰЛТТЫҚ БАНКІНІҢ ТӨРАҒАСЫ:

Азық-түлікке жатпайтын инфляция импортты тауарлардың қымбаттауына байланысты 11,9%-ға дейін жылдамдады.  Реттелетін коммуналдық қызметтер бағасының өсуіне енгізілген мораторийдің тежеуші әсеріне қарамастан, ақылы қызметтердің инфляциясы 9,1%-ға дейін өсті. Биылғы жылдың қорытындысы бойынша біз инфляцияны 13-15 пайыз деңгейінде болжамдап отырмыз.

А. Съезбек