Спорт Қазақстан
$449.88 €486.64 ₽4.83
×

Қазақстан Конституциясына енгізілген өзгерістердің толық мәтіні жарияланды

AstanaTV
08.06.2022ж. 20:00
747
Қазақстан Конституциясына енгізілген өзгерістердің толық мәтіні жарияланды

Қазақстан Конституциясына енгізілген өзгерістердің толық мәтіні республикалық басалымдарда жарияланды. Яғни Ата заңға енгізілген өзгерістер күшіне енді. Жаңа нұсқаға сай, 5 бағытта құқықтық өзгерістер қалыптасты. Мемлекетті басқаруда Президенттің өкілеттілігі азайып, Парламенттің мәртебесі күшейді. Енді Президенттің жақын туыстары саяси немесе квазимемлекеттік секторда басшылық лауазым иелене алмайды. Әрі мемлекет басшысы мен облыс әкімдері өз өкілеттілігі кезінде ешқандай партияға мүше болмайды. Облыстың және республикалық маңызы бар қала әкімдерін мәслихат депутаттары дауыс беру арқылы тағайындайды. Ал бұл лауазымға екі үміткерді Президент ұсынады. Бұдан бөлек Жер халыққа тиесілі, ал меншік құқын халық атынан мемлекет жүзеге асырады делінген. Сондай-ақ өлім жазасына тыйым салынды. Сонымен қатар құқығы тапталған кез-келген азамат әділдік іздеп жүгіне алатын - Конституциялық сот пайда болды. Осылайша, барлығы 33 бапқа 56 түзету енгізілді.

А. Съезбек