Спорт Қазақстан
$448.56 €478.03 ₽4.79
×

Бюджет тапшылығын жою мақсатында Қазақстан Дүниежүзілік банктен 1 миллиард $ алатын болды

AstanaTV
13.04.2016ж. 20:00
1721
Бюджет тапшылығын жою мақсатында Қазақстан Дүниежүзілік банктен 1 миллиард $ алатын болды

Бюджет тапшылығын жою мақсатында Қазақстан Халықаралық қайта құру және даму банкінен 1 миллиард доллар алатын болды. Бұл - банк бөлген ақшаның екінші траншы. Дәл осындай сомадағы қаржыны еліміз өткен жылы да алған. Ұлттық экономика министрінің орынбасары Марат Құсайынов сондай-ақ жалпы құны 1,3 млрд америка валютасын құрайтын үш жоба қаралып жатқанын жеткізді. Соның бірі - халықаралық маңызы бар Батыс-Еуропа - Батыс-Қытай автодәлізінің «Астана - Бейнеу» бөлігін жаңғырту. Дүниежүзілік банк бүгінге дейін Қазақстанға 6,8 млрд АҚШ валютасынан астам инвестиция салған.

Марат Құсайынов, ҚР Ұлттық экономика министрінің бірінші орынбасары:

Бұл қаражат жолдар салуға, әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту мен шағын-орта бизнестегі бәсекелестікті арттыруға бағытталған. Білім және денсаулық сақтау саласын жаңғыртып, кеден, салықтық жүйелерді оңтайландыруға, қоршаған ортаны қорғау шараларына жәрдемдесуге жұмсалды.

Мәжілісте сондай-ақ, онлайн жүйесінде сауда жасау көлемі күрт артқанымен, қазынаға түсіп жатқан салық көлемі мардымсыз екені айтылды. Осы мәселе бойынша Үкіметке депутаттық сауал жолдаған Аманжан Жамалов елімізде интернет саудадан түсетін табыс пен салықтың басым бөлігі шетке кетіп жатқанына алаңдаулы. 

Аманжан Жамалов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

Дүниежүзінде интернет сауда айналымы 14 трлн доллар болса, қазақстандықтардың үлесі 2014 жылы 15 млрд теңге болды, ал 2015 жылы 3.5 млрд АҚШ валютасын құрады. Соның 60 миллионы ғана отандық нарықта қалған. Өзгесі шетке кетті. Төленген салық 3 млрд теңге көлемінде ғана, бұл күлкілі емес пе?   

Базаргүл ОТЫНШИЕВА