Спорт Қазақстан
$442.05 €474.14 ₽4.74
×

Қазақ «Битлз»-нің қалыптасу тарихымен танысу мүмкіндігі туды

AstanaTV
09.06.2022ж. 20:00
1317
Қазақ «Битлз»-нің қалыптасу тарихымен танысу мүмкіндігі туды

Биыл "Дос-Мұқасан" тобына 55 жыл. "Той жырымен" халыққа етен танылған музыканттар бүгінде 70-жастан асқан.  Аты аңызға айналған топтың шығармашылығына арнап отандық кинематографтар көркем фильм түсірді. Басты рөлдерді кімдер сомдайды? Туынды көрерменге қашан жол тартпақ? Толығырақ бейнематериалда.

"Дос-Мұқасан" фильмінде музыкалық топтың жарты ғасырға жуық тарихы баяндалады. Алғаш ансамбль болып құрылуы хикаясынан бастау алған. Фильмде музыка, талант, алғашқы махаббат, сенім мен нағыз достыққа құрылған Досым Сүлеевтің шынайы жүрекжарды әңгімелері де көрсетіледі. Топ жетекшісі "кино желісі өзіме де қызық деп отыр. Ең бастысы жастарға үлгі болса дейді. Көптің көңілінен шығатынына сенімді.  

Досым СҮЛЕЕВ, «ДОС-МҰҚАСАН» ЖЕТЕКШІСІ:

Бұл өте үлкен тәрбие деп санаймын, жастар мысалыға Дос-Мұқасанды естуі бар әке-шешелерінен, бірақ өздері көрген жоқ. Мына кино жастық кезіміздеі көрсетеді. Сол 20-24 сол кезді. Жастарға сол жақынырақ. Жастардың сана сезімін, рухын көтереді деп ойлаймын. Патриоттық сезімдермен намыс күшейтеді деп ойлаймын.

Көркем фильм Мәдениет және спорт министрлігі мен Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығының тапсырысы бойынша түсірілді. Отандық туында әртүрлі жастағы аудиторияны арналған отбасылық кино. "Егде жастағы адамдар жастық шақты, сол кездегі әндерді сағынышпен еске ала алса, жастар қазақ «Битлз»-інің қалыптасу тарихымен танысуға мүмкіндік алады дейді Жобаның музыкалық продюсері.

Айгүл БАЙБЕК, ЖОБАНЫҢ МУЗЫКАЛЫҚ ПРОДЮСЕРІ:

Бұл жоба ұлттық киноны қорғау орталығы арқылы жүзеге асырылды. Ұлттық құндылықтарды сақтайтын біздің қазаққа деген жақсы тақырыптарды. Сондықтан қазақтың Дос-Мұқасан бренді ғой. Отбасылық туынды деп айтуға болады. Үлкен икісілер біздің әке-шешелеріміз, әжелеріміз жастыққа шаққа деген ностальгия.

«Дос-Мұқасан» Ефрат Шәріповтің сценариі бойынша түсірілген өмірбаяндық фильм. Режиссері - Айдын Сахаман. Ұйымдастырушылардың айтуынша, актерлік құрам портреттік ұқсастық бойынша таңдалды. Оған елімізге танымал актерлер мен блогерлер түсті. Түсірілім жұмыстары 2021 жылы сәтті аяқталған. Аталмыш картина қазақстандық көрерменге осы күзде барлық кинотеатрлардан көрсетілмек.

Ә. Дүкембаева