Спорт Қазақстан
$439.43 €473.31 ₽4.82
×

Қазақстандықтардың қалың қарызы коллекторлық агенттіктерге өтті

AstanaTV
10.06.2022ж. 20:30
1117
Қазақстандықтардың қалың қарызы коллекторлық агенттіктерге өтті

Бүгінде проблемалық несиелер 444 миллиард теңгені құраған. Бұл қаржы нарығын реттеу жөніндегі агенттіктің дерегі. Қарызы қалың ел тұрғындарының тізімі коллекторлық агенттіктерге жолданған. Жылдың басында коллекторлық агенттіктерге жалпы сомасы 402 миллиард теңгені құрайтын берешек өткен. Ал 1-сәуірдегі деректер бойынша әлгі ұйымдарға жалпы сомасы 444 миллиард теңгенің  915 мың шарты беріліпті. Қалың қарыздың  89 пайызы банктен алынған несиелер. Тағы 5 пайызы – микроқаржы ұйымдары берген сомма. Ал қалған  6 пайызы өзге ұйымдар алдындағы міндеттемелерді құрап отыр. Агенттік өкілдері 2021 жылдың 1-қазанынан бастап банктер мен микроқаржы ұйымдары үшін азаматтардың несиелері бойынша мерзімі өткен берешегін реттеудің бірыңғай міндетті тәртібі енгізілгенін еске салды.  Қаржы ұйымдары қарыз алушыны мерзімі өткен күннен бастап 20 күннен кешіктірмей хабардар етуге міндетті. Бұдан әрі жеке тұлға 30 күнтізбелік күн ішінде қарызды  қайта құрылымдауға қатысты кредиторға жүгінуге және 15 күн ішінде жауап алуға құқылы.

З. Санай