Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

Қарағандыда марихуана сатқан жамбылдықтар ұсталды

AstanaTV
14.06.2022ж. 20:00
1222
Қарағандыда марихуана сатқан жамбылдықтар ұсталды

Қарағандыда арнайы операциямен аса ірі көлемдегі есірткіні тасымалдаушылар ұсталды. Олар Жамбыл облысының тұрғындары болып шықты.

200 келідей есірткі заты жүк көлігінен тәркіленді. Сараптама қорытындысы өсімдік тектес заттың марихуана екенін растаған. Мамандардың мәліметінше, оның қара базардағы құны жүздеген млн теңге болуы мүмкін. Қылмыстық топтың 6 мүшесі әртүрлі жалдамалы пәтерлерден ұсталды. Олардың ең үлкені 56 жаста. Барлығы тергеуге алынып, олармен байланыстағы  азаматтар іздестірілуде. Полиция күдіктілердің тәркіленген есірткінің бұдан да көп мөлшерін саудалап үлгергенін жоққа шығармайды. Тіпті олар басқа да ауыр қылмыстарға қатысуы мүмкін дейді. Есірткі саудасымен айналысқандардан 8 қап есірткі, 6 млн теңгеден астам ақша, суық қарулар мен қымбат көліктер тәркіленді.

А. Қуаш