$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Жамбылдағы жол апаты

AstanaTV
15.06.2022ж. 20:00
3378
Жамбылдағы жол апаты

Жамбыл облысында 14 көлік қатысқан жол апаты болды. Төрт темір тұлпар түгі қалмай өртеніп кеткен. Өртке оранған көлік ішінде екі автобуста бар. Бір жолаушы қаза тауып, 15 адам медициналық көмекке жүгінген. 4 адам жансақтау бөлімінде жатыр. Жан түршігерлік жол апаты "Батыс Европа-Батыс Қытай" тасжолындағы «Күйік» асуында орын алған. Алғашында асудан түсіп келе жатқан жүк көлігінің тіркемесінен өрт шыққан. Жүргізушілер жалынды өшіремін деп жол шетіне тоқтапты. Сол кезде кептеліс пайда болған. Артынша тағы бір жүк көлігі тоқтап тұрған темір тұлпарларды жапырып, жанып тұрған жүк көлігіне барып, бірақ тоқтаған. Салдарынан 4 көлік өртеніп, жол шетіне шығып қалған. Ал қалааралық 2 қоғамдық көлікте неше адам болғаны әзірге белгісіз. Медициналық көмекке жүгінгендер арасында Өзбекстан азаматтары да бар.  

Сәкен ЖҰМАШЕВ, ТАРАЗ қ. КӨПБЕЙІНДІ АУРУХАНАСЫ БАС ДӘРІГЕРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:
 
4-еуінің ішінде екі науқасымыз өте ауыр. Себебі оны сол жақтағы екеуінің де 7-8 қабырғасы сынған. Қазір біреуі ауыр халде болғаннан кейін реанимация бөлімінде, керекті көмектің бәрі көрсетіліп жатыр екеуіне.   
Жапырылып қалған жеңіл көліктің біріндегі жолаушы сол жерде жан тапсырған. Жаппай жол апатына байланысты жедел желі жасақталды. Талапқа сай жүк көліктері «Күйік» асуындағы жаңадан салынған жолмен емес, бұрынғы айналма жолмен жүруі тиіс екен. Осы оқиғаға себепкер болған ауыр техника жүргізушісі дәл осы талапты сақтамағаны үшін жазалануы мүмкін.

Гүлсара МҰХТАРҚҰЛОВА, ЖАМЫЛ ОБЛЫСЫ ПД БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ:

Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы 3-бөлімімен сотқа дейінгі тергеу басталды. Қазіргі таңда қажетті барлық сот медитциналық сараптамалар тағайындалды.

Б. Жұмабайұлы