Спорт Қазақстан
$443.85 €474.3 ₽4.8
×

«АМТ» шахтасында 109 адам қаза тапқан

AstanaTV
15.06.2022ж. 20:00
1096
«АМТ» шахтасында 109 адам қаза тапқан

«Арселор Миттал Теміртау» шахтасында жылға жетер-жетпес уақытта, он адам қаза тауып, 16 жыл ішінде 109 кенші бақилық болған. Жаға ұстатарлық деректі мәжілісмен Ерлан Саиров айтты. Ол кәсіпорынның бірінші басшылары жауапқа тартылуы тиіс деп санайды. Онымен қоса, компания кәсіпорындарында еңбекақы, қауіпсіздік ережелерін сақтау және өндірістік кешенді қаржыландыруда проблемалары бар дейді. Сондықтан, кәсіпорын басшылары өндірістік кешеннің базасын қалпына келтірсін, кәсіпорынның жай-күйін баяндасын деп талап қойды.

Ерлан САИРОВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, "AMANAT" ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:

Ел жұртшылығы «АрселорМиттал Теміртау» акционерлік қоғамында төрт азамат қаза тапқан апатқа алаңдап отыр. Абай кенішіндегі топтық апатты тергеу әлі аяқталмай жатып,  міне, тағы бір қайғылы оқиға. Мәжіліске және жұртшылыққа кәсіпорын басшылығы өндірістік кешенінің жай-күйіне жүргізілген техникалық аудит нәтижелерін баяндасын. Аудит негізінде зауыттың ақаусыз жұмысын қамтамасыз ету үшін қажетті инвестиция көлемін анықтап, кәсіпорынның өндірістік базасын қалпына келтірсін. Кәсіпорынның бірінші басшылары өліммен аяқталатын жазатайым оқиғалардың көбеюі үшін жауапкершілік алсын.

А. Базарбай