Спорт Қазақстан
$448.89 €477.93 ₽4.76
×

Қос дәрігерге үкім шықты

AstanaTV
15.06.2022ж. 20:00
1323
Қос дәрігерге үкім шықты

Атырау облысында қос дәрігерге кәсіби қызметін тиісінше орындамағаны үшін сотталды. Сотта, Құрманғазы аудандық ауруханасының инфекционист-дәрігері мен анестезиолог-реаниматологы науқасты емдеуде салғырттық танытқаны дәлелденген. Жауапсыздықтың салдарынан 44 жастағы Бекдидар Көргенәлиев былтыр 1 қаңтар күні қайтыс болған еді. Оның туыстары ақ халатталырдың жауапсыз әрекетін қатаң жазалауды сұраған. Сотталушылардың кінәсі  жәбірленушілер мен  куәлардың, сондай-ақ, сарапшылар айғағы  мен  сот-медициналық сараптаманың қорытындысымен дәлелденді,- деді судья. Абайсызда адам өліміне әкеп соққан іс-әрекеті үшін  дәрігерлердің біріне 2 жыл, екіншісіне 2 жарым жыл бас бостандығынан айыру жазасын кесті. Бірақ ақ халаттылар  рақымшылыққа ілігіп кетті.

Бейбітгүл МЕҢСЕЙІТОВА, ҚҰРМАНҒАЗЫ АУДАНДЫҚ СОТЫНЫҢ СУДЬЯСЫ:
 
Сотталушыларға  дәрігерлік қызметпен айналысу құқынан  айыру жазасы тағайындай отырып,  бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Алайда ҚР 30 жылдығына байланысты «Рақымшылық жасау жөніндегі» заңы негізінде  бас бостандығынан айыру жазасынан бостаылды.  Дәрігерлік қызметпен айналысу құқынан  айыру түріндегі  жазда  заңда көзделмеген.

Сондай-ақ инфекционист 3 жыл, ал реанимотолог-дәрігер 2 жыл алты ай кәсіби міндетін атқара алмайды. Сонымен қатар жәбірленушілердің пайдасына 8 млн. теңге моральдық  өтемақы төлеуге міндеттелді. Айта кетейік, марқұмның соңында  кәмелетке толмаған 3 баласы қалды. Туыстары жаңа жыл мерекесінде кезекші дәрігер қызмет орынында болмай, полициямен алдыртқан болатын.

Б. Надірқызы