$491.71 €529.97 ₽5.05
×

80 мың адам қанға мұқтаж

AstanaTV
15.06.2022ж. 20:00
1668
80 мың адам қанға мұқтаж

Ел ішінде 80 мың адам қанға мұқтаж. Бұл туралы бас қалада өткен меркелік шарада белгілі болды. Елордалықтар бүкіләлемдік донор күнін атап өтті. Салтанатты шараға трансфизуология орталығы ұйытқы болған. Сонымен қатар "Аманат" партиясы және денсаулық сақтау министрлігі қолдауымен ұйымдастырылды. «Қан тапсырып адам өмірін сақтап қал» деген ұранмен өткен мерекені әріптесім Серік Селеубайұлы көріп қайтты.

14 маусым бүкіләлемдік донор күніне орай елордалық дәрігерлер мерекелік шара ұйымдастырды. Қан тапсыруға үндеген концертте сахна жұлдыздары мен жас әншілер өнер көрсетті. Мамандар көпшілікке донор болудың пайдасын түсіндіріп, кеңес берді. Дәрігерлердің айтуынша бұл – жүрек-қан тамыр жүйесіне пайдалы, иммунитетті нығайтады. Сонымен қатар, сіз қан тапсыру арқылы үш адамның өмірін құтқарасыз.

Сәния ӘБДІРАХМАНОВА, ТРАНСФУЗИОЛОГИЯ ҒЫЛЫМИ-ӨНДІРІСТІК ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ:

Мерекенің мақсаты – адамдардың назарын қан жетіспеушілігіне аудару. Қазақстанның өзінде 400 мыңнан астам рет қан құйылады. Яғни күніне мың мәрте қан құямыз. Сондықтан қан орталықтарына күніне 1000 адам келуі керек. Елорданың өзінде күніне 150-200 донор қан береді. Еліміз бойынша жылда 80 мың адам қанға мұқтаж.

Қан жарақат алған адамдарға, операция кезінде, әйелдер босанғаннан кейін қан кету кезінде құйылады. Сонымен қатар онкологиямен ауыратын, соның ішінде онкогематологиямен ауыратын науқастарға, ауыр анемиясы бар адамдарға үнемі қажет.

Меруерт ТҮСІПБАЕВА, ҚР ЕҢБЕК СІҢІРГЕН ҚАЙРАТКЕРІ:

Донор болу деген ол үлкен қасиетті іс. Қиындықта жатқан адамға өзіңнің қасық қаныңды беріп, бөлісіп, адамның өмірін сақтап қалу деген ол –  Алладан берілген үлкен, әдемі міндет деп ойлаймын. Және де осындай міндетті атқарып жатқан барлық адамдарға  мен денсаулық тілеймін.

Иә, адам өмірін сақтап қалу дарқандық екені даусыз. Донор болудың ағза үшін пайдала екенін көпшілік жақсы біледі.

БЛИЦ:

- Мен өзім де донормын. Пайдалы, өте пайдалы. Адамның қаны жаңарады. Және давлениесі жоғары адамдарға өте пайдалы. Қанды сұйық қылады кішкене.

- Ер адамның қан айналымы жақсы болады. Екіншіден мына давление дейді ғой, қан қысымы  сол дұрыс болады. Сондықтан жылына 2-3 рет тапсырам.


Кеш соңында тұрақты донорлар денсаулық сақтау министрлігінің арнайы төсбелгісімен марапатталды. Мұндай құрмет «Денсаулық сақтау саласына қосқан үлесі үшін» сыйлығын 40 реттен көп қан өткізген адамдар ғана ала алады.

С. Селеубайұлы