Мемлекеттік қызметкерлер қандай болуы керек? Бұл сауал Елордада талқыланды. Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің ұйымдастыруымен өткен дөңгелек үстелге депутаттар, мәдениет және қоғам қайраткерлері қатысты. Мемлекеттік аппараттың кәсібилігі мен тиімділігін арттыру маңызды қадамдардың бірі. Алайда жүктемесі басынан асқан мамандар жұмысқа түнемеуі керек дейді сарапшылар.
Дархан ЖАЗЫҚБАЕВ, ҚР МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ ІСТЕРІ АГЕНТТІГІНІҢ ТӨРАҒАСЫ:
Біздің мемлекеттік органдардың халық алдында ашық болуы. Соған байланысты қабылданатын шешімдер қоғаммен, халықпен келісе отырып қабылдану.
Бибігүл НҰРАШЕВА, ЕҢБЕК ҚҰҚЫҒЫ САЛАСЫНДАҒЫ САРАПШЫ:
Егер де біз мемлекеттік қызметшілерден осы мемлекет жүктеген, қоғам жүктеген міндеттерді атқарыңдар деп біз талап етіп жатырмыз ба, осы категориялы жұмыскерлерге жағдай жасауымыз керек, біріншіден. Екіншіден, қоғам болып осы қызметкерлердің жай-күйін түсірмей, көңіл-күйлерін көтеріп, мотивация жасап.
С. Селеубайұлы