Спорт Қазақстан
$443.44 €480.51 ₽4.88
×

Құрылтайда не айтылды?

AstanaTV
16.06.2022ж. 20:00
1728
Құрылтайда не айтылды?

Жаңа Қазақстан бір күнде немесе бір жылда құрылмайтыны анық. Бүкіл ел болып жұмылсақ, көздеген мақсатымызға жетеміз. Ел Президенті бүгін киелі Ұлытауда өткен Ұлттық құрылтайда осылай деді. Сондай-ақ, қоғамда қызу талқыланып жатқан кадр саясатына тоқталды. Бұдан бөлек, құрылтайдың мақсатын айқындап берді. Тілшіміз тарқатады.

Президент Әділетті Қазақстанның құрылымына жіті тоқталды. Кешеі референдумның жемісі, халықтың түбегейл өзгерісті қалайтынын көрсетті деді. Дегенмен, референдум табысты өтті екен деп, босаңсуға болмайды. Нағыз жұмыс енді басталғанын ескертті.  

Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ:

Жаңа Қазақстан бір күнде немесе бір жылда құрылмайтыны анық. Бұл – бүкіл қоғамды өзгертетін күрделі әрі ұзақ үдеріс. Мұны жүзеге асыру үшін бір ғана билік әрекет етсе, бұл, әрине, жеткіліксіз. Бүкіл ел болып жұмылсақ, көздеген мақсатымызға жетеміз. Сол себепті, мен Жолдауымда Ұлттық құрылтай шақыру туралы бастама көтердім.

Мемлекет басшысы өз сөзінде Құрылтай ел бірлігін нығайтатын, қоғамды ұйыстыратын тың идеялар орталығы болатына кәміл сенетіні жеткізді. Мұндай алқалы жиындарды дұрыс ұйымдастыру керек екенін атап өтті.

Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ:

Бұл жерде халықтың үні шын мәнінде естілуі тиіс. Кез келген адамды құрылтайға қатыстыруға болмайды. Жұрттың мұң-мұқтажын, талап-тілегін жеткізетін азаматтар бас қосуы керек. Бұл ел бірлігін нығайтатын, қоғамды ұйыстыратын тың идеялар орталығы болатына кәміл сенемін.

Қасым-Жомарт Тоқаев «Екінші республика» ұғымы қолданысқа енгелі елдің ресми атауын өзгерту туралы ұсыныстар жиі айтылып жүргенін тілге тиек етті. Бірақ Қазақстан атауы өзгермейтін шегелеп кетті.  

Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ:

Стан» сөзін елімізге де, бүкіл Азияға да жат ұғым деп санайды. Мұны да қисынды деп айтуға болмайды. Себебі, әлемде дәл осындай Пәкістан, Үндістан, Ауғанстан және Орталық Азия мемлекеттері бар. Ең басты мәселе – біз тәуелсіз еліміз Қазақстан Республикасы атынан 30 жыл ішінде көптеген халықаралық келісімшарттарға қол қойдық. Мемлекеттік шекарамызды бекіттік. Осындай жағдайда мемлекетіміздің атауын өзгерту жауапсыз шешім болар еді.

Қоғамда қызу талқыға түскен сауал кадр мәселесіне қатысты да Президент жан-жақты түсіндіріп өтті.  

Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ:

Мемлекеттік қызметшілерге қандай да бір кланның мүшесі ретінде қарауға болмайды. Әрине, олардың құрамын жаңартып отырған дұрыс. Бірақ, мұны терең ойланып, байыппен жасау қажет. Кадрларды жаппай жұмыстан шығару жақсылыққа апармайды. Әлеуметтік желіде «ескі кадрмен Жаңа Қазақстанды қалай құруға болады?» дейтіндер бар. Бұл – орынды сұрақ. Бірақ, негізінен кадрларды біртіндеп ауыстыру керек.

Ұлттық құрылтайда латын әрпіне көшу, мемлекеттік тіл мәселерері де сөз болды. Асығыс шешім қабылдамау керек деді.

Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ:

Тілге байланысты тағы бір маңызды мәселе. Бұл – латын әліпбиіне көшу туралы. Кейбір қоғам өкілдері біз әлі күнге дейін кириллицадан арыла алмай жатырмыз деп, алаңдаушылық білдіруде. Бірақ, ең алдымен, бұл лингвистикалық тұрғыдан өте күрделі мәселе. Осыны жақсы түсінген жөн.


Мемлекет басшысы қатысқан Ұлттық құрылтайдың алғашқы отырысында көпшіліктің көкейінде жүрген көп сауалға жауап айтылды. Құрылтайдың араға ширек ғасыр салып облыс мәртебесін қайта алған Ұлытау өңірінде өтуі де тегін емес. Ұйымның жаңа жасақталған құрамында 117 адам бар. Олар Парламент депутататры, ассамблея мүшелері, азаматтық қоғам,  сарапшылар, кәсіпкерлер мен қаламгерлер.

Ә. Дүкембаева