$544.87 €639.02 ₽6.88
×

Қаржы министріне ескерту жасады

AstanaTV
16.06.2022ж. 20:00
1137
Қаржы министріне ескерту жасады

Ұлттық қордың қаражатын жұмсау бекітілген тұжырымдамаға сәйкес келмейді. Былтыр жоспарланған 64 жоба аяқсыз қалған. Бұл туралы Есеп комитетінің төрайымы Наталья Годунова, Сенаттың жалпы отырысында айтты. Комитет төрағасы мемлекеттік аудитпен анықталған заң бұзушылықтар мен жүйелі проблемалар туралы баяндады.  Ол қаржы министрі мен Ұлттық банкке тиімсіз жұмсалып жатқан қаражаттар үшін ескерту жасады. Жергілікті жерде салық базасын кемітіп көрсету фактілеріне қатысты Есеп комитетінің ескертуі орынды дейді Ерұлан Жамаубаев.

Наталья ГОДУНОВА, ЕСЕП КОМИТЕТІНІҢ ТӨРАҒАСЫ:


Есепті кезеңде тиімсіз жұмсалған қаражат сомасы 413 млрд теңгені құрады. Тиімсіз жоспарлау мен пайдалану тұрғысында 200 млрд теңгеден астам қаражат тіркелді. Республикалық бюджетке қайтарылған сома 17 млрд теңге болды. Бақылау шотындағы қалдық қаражат – 47 млрд теңге. Бұл қаражат қайда? Неге министрлік осыған жауап бермейді.


Ерұлан ЖАМАУБАЕВ, ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРДІҢ ОРЫНБАСАРЫ – ҚАРЖЫ МИНИСТРІ:


Біз Есеп комитетінің республикалық және жергілікті бюджеттер арасындағы қаржы ағындарын барынша азайту жөніндегі ұсынысымен келісеміз. Өңірлердің бюджет дербестігін нығайту үшін қосымша салық түсімдерін өңірлерге беру жолымен бюджетаралық қатынастарды жетілдіру жүзеге асырылатын болады.


Ә. Дүкембаева