Солтүстік Қазақстанда полицейлер тұрғындардан 56 заңсыз қару тәркіледі. Жыл басынан бері 500-ден астам заңбұзушылық анықталған. Қару ұстауға рұқсаты бар адамдар қауіпсіздік талаптарын сақтамаса, кейбірі өз тапаншаларын қайта тіркеуден өткізбеген. Соңғы бас айдың ішінде 23 азамат мылтығын құзырлы органға өз еркімен тапсырыпты. Жалпы 400-ге жуық азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды.