Спорт Қазақстан
$444.32 €473.33 ₽4.76
×

«АрселорМитталТеміртау» компаниясының екі бөлімше басшысы қамауға алынды

AstanaTV
20.06.2022ж. 20:00
916
«АрселорМитталТеміртау» компаниясының екі бөлімше басшысы қамауға алынды

«АрселорМитталТеміртау» компаниясының екі бөлімше басшысы қамауға алынды. Қарағанды облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, олар- өндірістегі қауіпсіздік шараларына жауапты тұлғалар. Бұл азаматтарға қатысты құрылыс жұмыстарын жүргізу кезіндегі қауіпсіздік шараларын бұзып, абайсызда екі немесе одан да көп адам өліміне әкеліп соққан қылмыстық әрекетті жасады деген айып тағылған.  Қазір тергеу амалдары үшін арнайы құрылған комиссия мекеме жұмысшылары мен лауазымды тұлғалардан жауап алып болған.   

Бақытжан ҚҰДИЯРОВ, ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСТЫҚ ПД РЕСМИ ӨКІЛІ:

Жинақталған материалдардың негізінде ҚР ҚК 277 бабына сәйкес күдікпен қауіпсіздік шараларына жауапты 2 басшы ұсталды.2022 жылдың 19 маусымы күні Теміртау қаласының тергеу сотымен күдіктілерге қатысты қамауда ұстау бұлтартпау шарасы қолданылды.

Еске салсақ, осыдан 10 күн бұрын «АрселорМитталТеміртау» -ға қарасты серіктестікте 4 жұмысшы зауыт цехтарының бірінде металлургиялық пеш жөндеу кезінде  қаза тапты.  Отқа төзімді кірпішті бөлшектеп, қалап жатқан кезде   пештің күмбезі құлап, оларды басып қалған. Тағы бір адам жарақаттанды. Сондай-ақ, осы компанияға қарасты жылу электр орталығында жөндеуші көз жұмды. 35 жастағы жұмысшы 7- нші қазандықты жөндеу кезінде биіктен құлап кеткен.  

А. Қуаш