Спорт Қазақстан
$441.58 €480 ₽4.86
×

Жарыққа жауаптылар шуласты

AstanaTV
20.06.2022ж. 20:00
994
Жарыққа жауаптылар шуласты

Жамбыл облысында жарыққа жауаптылар шу шығарды. Манополистер айлығымызды көбейткеннің орнына, азайтып тастады дейді. Білгенін істеген басшылықтың әрекеттерінен әбден мезі болдық дегендер, мәселеге мемлекеттің араласуын сұрап отыр. Облыс орталығына 5 ауданнан 30-дан астам жұмысшы келді.

Жиналған бұл топ, Жамбыл электр желілері серіктестігінің жұмысшылары. Олардың айтуынша даудың басы абоненттердің жаққан жарығын есептейтін мобильді қосымшаны іске қосудан туған. Осының салдарынан айлық азайып, қысқартулар көбейіп кеткен. Осы уақытқа дейін 83 мың теңге жалақы алып келгендер, бүгінде 62 мыңға кеміген деп отыр. Ол ол ма күнделікті жұмысқа қажетті құрал-жабдықты да өз қаражатымызға сатып алуға мәжбүрміз деп шуласты.

Ерлан ШӘРІПБЕКОВ, МОЙЫНҚҰМ АУДАНЫНЫҢ КОНТРАЛЕРІ:

Сендер қысқартуға кеттіңдер. Төрт ақ адам қаласыңдар. Сол 4 адам жаңағы бес мың абонентке қызмет атқарасыңдар дейді. Төрт адам бүкіл ауданды түгел показаниесін жасауымыз керек. Ақсүйектен бастап Ұланбелге дейін. Сонда арасы 400 км. Олай мүмкін емес.


Алмаз БЕКБАЕВ, ШУ ҚАЛАСЫНЫҢ КОНТРАЛЕРІ:

Техника өзіміздің частный көлік. Отвертка плосткогубцы деген заттарды, инструменттердің барлығын өзіміз сатып аламыз. Оған айлығымыз жетпейді, машина бұзылған күні әр остановкаға автобуспен 200 теңгеге жүреміз.

Жамбыл жұртын жарықпен жарылқап жүрген жұмысшылардың жан айқайын бас монополист тыңдады. Бірақ жалақы жөніндегі жыр жақында шешілмейді деп кесіп айтты. Айлықты көбейтсек 5 жылдық бекітілген тарифке байланысты тек 4 пайыз ғана қоса аламыз деді. Мұның барлығына облыстағы жалғыз жарыққа жауапты компания   абоненттердің жаққан жарығын есептейтін мобильді қосымшасын іске қосуы себеп болған.

Бауыржан КӨРПЕБАЕВ, "ЖАМБЫЛ ЭЛЕКТР ЖАРЫҒЫ" ЖШС БАС ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:
 
ЖЭЖ Табиғи монополялар субьектісі болып табылады. Біздің әр іс қимылымыз, жұмысымыз барлығы мына табиғи монополяларды реттеу департаментімен қадағалынады. Біздің тарифымызды сол кісілер мемлекеттіәк орган бекітеді. Олардың бұйрығынсыз еш қимыл істей алмаймыз. Бәрі бір тарифке қадалады. Өйтккені бүкіл шығынның бәрі айлығы болсын, алатын техникасы болсын барлығы осы тарифтың ішіне енгізіледі.

Жауаптылардың берген жауабына жиналғандардың көңілі толмады. Ал қызметкерлердің айлығын көбейту тек келер жылға қалды. Енді жұмысшылар білгенін істеп отырған монополистердің жұмысты дұрыс жүргізе алмаса, мемлекет меншігіне өтсін деп талап қойып отыр.  

Б. Жұмабайұлы