Спорт Қазақстан
$439.43 €473.31 ₽4.82
×

Желіні шулатқандар мен бір күнде жұлдыз болғандар

AstanaTV
20.06.2022ж. 20:00
843
Желіні шулатқандар мен бір күнде жұлдыз болғандар

Бүгіннен бастап, "Астана таймста", "Әлеуметтік желі" айдары көрерменге жол тартады. Онда желі қолданушыларының қызу талқысына түскен тақырыптар таңдалып алынады. Кез-келген саяси оқиға мен пікірлер, елді елең еткізер әрекетіңіз бүгінде қоғам талқысынан шет қалмайды.

ПРЕЗИДЕНТ ПІКІРІ КӨҢІЛДЕН ШЫҚТЫ

Өткен жұмадан бері, әлеуметтік желі қолданушыларының қызу талқысына түскен тақырып, ол Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Санк-Петербургтегі экономикалық форумдағы ашық сауалға, ашық жауабы болды. Жыл басынан бері жабық талқыланып келе жатқан мәселелер бойынша Қазақстанның саяси ұстанымы анық айтылды. Ресейдің кейбір саясаттанушылары мен депутаттарының әртүрлі арандатушылық әрекеттеріне жауап қайтарылды. Луганск пен Донецкіге байланысты да мемлекет басшысы пікір білдірді. Желі қолданушылары жаппай қолдау білдірді, тіпті өз парақшаларында ұтымды жауаптарды жариялады.

ПІКІРЛЕР:

bolat esken:

Міне нағыз елім деген Президент.

Өзінің позициясын шегелеп тайсалмай айтты. Міне жаңа Қазақстан! Президентіміздің жасы ұзақ болып, алға қойған саяси және экономикалық мәселелерді шешіп елімізді дамыта берсін.

Алға Қазақстан!


vadim:

Алға Жаңа Қазақстан ! Осы жолдан тайма. Қазақстанды ешкім басынбасын

ютуб:

Өте сауатты жеткізді жауабын, бұлай айтуға  100-ден бір кісінің сауаты жетеді.

kuat ashok:

Осындай патшага лайыкты халык болайык.

абдибек худамбаев:

Президент өте дұрыс және кесіп айтты рахмет, әр елдің өзінің ұстанымы болу керек!!!

ҚАЛЫҢДЫҒЫН ҰРҒАН ЖІГІТ ЖЕЛІНІ ШУЛАТТЫ

Желі қолданушыларының қызу талқысына түскен тағы бір кадрлар, ол той үстінде қалыңдығын ұрып жіберген жігіт. Өзбекстанда болған бұл оқиға көпшіліктің ашуын тудырды. Той үстінде ойыннан жеңіліп қалған күйеуі соттан бірақ шықты. Әлеуметтік желіге тарап кеткен видеоға байланысты құзырлылар ұсақ бұзақылық бойынша әкімшілік іс қозғаған. Алайда қалыңдық арыз-шағым түсірмегендіктен, азаматқа жаза қолданылмаған.

ТАНЫЛМАҒАН ТАЛАНТ

Бішкек тұрғыны «Титаник» фильмінің титулдық әнін орындап, әлеуметтік желі қолданушыларын баурап алды.

ПІКІРІЛЕР:

saku.23.06:

Міне нағыз талант иесі.

kyzjasaui_besikjasaui11:

Ертең паркке барып ән айтып атақты болып кетпесем ба.

dulgaeva89:

Осындай даусы бар тателеримизди колдау керек гой. Кайдағы даусы жок аншилерди шығармай.

janar.povar.kzo:

Не деген дауыс фонограмма мен айтатын аншилерин далада калады гои мына дауыстан кеин.

Б. Сатуов