Мұнай-газ
саласындағы сервистік компанияларды қазіргі қиын кезеңнен екі кен орны алып
шыға алады. Ол – «Теңізшевройл» компаниясын кеңейту жобасы мен күзде іске
қосылады деп жоспарланған Қашаған кен орны.
Атырауда өткен кәсіпкерлер
палатасының өңірлік кеңесінде «Атамекен» ҰКП төралқа төрағасы Тимур Құлыбаев
айтты. Оның пікірінше, тауарларды, қызметтерді және қызмет көрсетулерді сатып
алу саласында жергілікті кәсіпкерлердің үлесін арттыру керек. Бұл үшін
жергілікті тауар өндірушілермен ұзақ мерзімді келісімшартқа қол жеткізуге күш
салуға шақырды.
Тимур
Құлыбаев, ҚР «Атамекен» ҰКП төралқа
төрағасы:
Әкімдікпен
бірлесе отырып, жер қойнауын пайдаланушылармен мемлекеттік, сондай-ақ
мемлекеттік сыңайлы сатып алу қызметтері бойынша жұмыс жасауға күш салу қажет.
Өзіміздің тауар өндірушілер үшін қолда бар тізімнен қандай ұзақ мерзімді
келісімшарттар жасауға болатынын ойластыру қажет. Бұл олар үшін пайдалы болады
деп есептеймін. «Теңізшевройл» компаниясымен бірге біз осы бағытта жұмыстарды
қолға алдық. Инвесторлармен де бірлесе жұмыс жасаған жөн.
Базаргүл НӘДІРҚЫЗЫ