Спорт Қазақстан
$445.66 €474.58 ₽4.78
×

Шетелдік жас депутаттармен кездесу

AstanaTV
20.06.2022ж. 20:00
890
Шетелдік жас депутаттармен кездесу

Елордада өткен "AMANAT" партиясы жастар қанатының алғашқы отырысына, түркітілдес жас парламентарийлер де қатысты. Шетелден келген қонақтар Қазақстан бастамасымен құрылған Парламенттік ассамблеясының маңыздылығына тоқталды. Сондай-ақ, әзербайжандық және түркиялық жас депутаттар жоғары деңгейдегі кездесу үшін ыстық ықыластарын білдірді. Мемлекеттер арасындағы ынтымақтастық үшін жастық жігерлерін аямайтындарын жеткізді.

Шерзод РАХМОНОВ, ӨЗБЕКСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПАРЛАМЕНТІНІҢ ДЕПУТАТЫ:

Өзбекстан елінің жас депутатымын. Бізде де сіздер сияқты сенат, парламент дегендер бар. Түркия елінің депутаты айтып отырғандай ол жақта депутат 18 жастан болады екен. Менде Өзбекстан елінде ең жас депутаттың қатарындамын. Шақыртуларыңызға рахмет.


Бақдәулет ЖАНДІЛДАЕВ, НҰР-СҰЛТАН қ. МӘСЛИХАТЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ, "AMANAT" ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:

Түркітілдес парламентарийлер өкілдері елордаға бірінші рет келіп жатыр. Биылғы жылы Қазақстан осы түркітілдес ассамблеясына жетекшілік етуде. Осы жетекшілік аясында, елордаға қонаққа шақырған болатынбыз. Мемлекетаралық тәжірибе алмасу мақсатында өткен кездесуде. Өзбекстан, Түркия, Қырғызстан мемлекеттерінің өкілдері өз елдерінің жастар саясаты туралы, парламенттегі жастардың үлесі туралы ақпарат беріп өтті.


Ә. Дүкембаева