Елорда іргесіндегі өртті сөндіруге тікұшақ тартылды. Төтенше жағдайлар министрлігінің ақпаратынша, Қорғалжын тас жолы бойында, үлкен Талдыкөл көлінің ауданында, сулы-батпақты жерлердегі ашық аумақта қамыс өртенген. Өрт шамамен 6,5 гектар жерді шарпыған. Бір күн бұрын өрт жартылай оқшауланған. Алайда, түнде қайта күшейе түскен. Өрт сөндіру қызметі мамандарының айтуынша, 100-ден астам техника мен өрт сөндірушілер тілсіз жаумен екі күн арпалысқанымен, ауыздықтай алмаған. Өрт сөндіру жұмыстары әлі жүргізіліп жатыр.
Назарәлі СЕЛІМОВ, НҰР-СҰЛТАН ҚАЛАСЫ ТЖД ӨРТ СӨНДІРУ ҚЫЗМЕТІНІҢ БАСТЫҒЫ:
Тікұшықсыз өртті сөндіру мүмкін болмады. Өйткені, жол жоқ. Таңертеңнен бері 15 рет су құйылу жұмыстары жүргізілді. Бір құйғаны- 3 тонна. Өрттің себебін қазір нақты айта алмаймыз, анықталып жатыр.
Ә. Дүкембаева