$487.37 €532.94 ₽5.09
×

Түркістан облысында 8 жасар қызды өгей әкесі зорлаған

AstanaTV
21.06.2022ж. 20:00
3821
Түркістан облысында 8 жасар қызды өгей әкесі зорлаған

Түркістан облысында 8 жасар қызды өгей әкесі зорлаған. Дәрігерлер баланың өмірін аман сақтап қалу үшін, оның жатырын алып тастауға мәжбүр болыпты. Арнамызға қорлық көрген жеткіншектің анасы хабарласты. Бауыр етінің бақытты балалық шағын ұрлаған адам қатаң жазалансын дейді ол.  

Қыздың анасының айтуынша, сұмдық жағдай 23-ші ақпан күні болған. Оның  ауруханаға кеткен сәтін пайдаланған күйеуі көрші ауылдағы бағып жүрген малын тастап, үйге жеткен көрінеді. Үшінші сыныпта оқитын қызымды зорлаған дейді.  Көп қан жоғалтқан кішкентай қызды онан кейін  сабаққа   жіберген. Бастапқыда «құлап қалды» деп сылтауратқанмен, артынша кешірім сұрап мойындапты.  Енді "есімді білмеймін" деп басқа сөйлеп отыр дейді.

Райхан ҚЫЗДЫҢ, АНАСЫ:

Оқиғаны балам да көрген. Балама «кет» деген ғой , пердені ашып қарап тұрған бала ма «кет» деп айтқан ғой. Соны кеше ит мойындап отыр. Маған керек емес ондай ит, қоғамға да керек емес адам ол.
 
Анасының айтуынша, 8 жасар қызға екі рет операция жасалған. Тік ішегін бірнеше жерден тіккен дәрігерлер ақыры жатырын  алып тастауға мәжбүр болыпты. Қызымның ана болу мүмкіндігінен айрылғанын жақында ғана сотта естідім деп есеңгірейді.   Күйеуімен жұптасқан 3,5 жылдан бері қызыма азғындық әрекет жасап келгенін де енді біліп отырмын дейді.   

Райхан ҚЫЗДЫҢ, АНАСЫ:

Мамаңа айтсаң сені тұншықтырып өлтіремін, мамаңды өлтіремін да, сені балалар үйіне өткізіп жіберем. Балалар үйіне өткеннен кейін сен үлкен болғасын сені қатын қып алам қайттан сені деп қорқытқан. Оны әлі күнге шейін айтады маған. Мама, маған сөйтіп айтты деп әлі күнге дейін айтады. Әлі күнге дейін шошып оянады.


Шымкенттегі арнайы орталық директоры Малика Жүсіпова   секілді өрімдей қыздардың өмірін талқандайтын жағдай тым жиілеп кеткенін айтады. Педофилдерге  берілетін жазаны қатайту керек деп дабыл қағып отыр.

Малика ЖҮСІПОВА, ОРТАЛЫҚ ДИРЕКТОРЫ:
 
Бұл деген сұмдық жағдай ғой. Өмірлік сотталу керек. Ол ауру ғой, ауру қайттан ауру қайталайды.  20 жылға сотталды деген ол педофилизмге аз уақыт.

 
8 жасар Әселмен қазір психолог мамандар жұмыс істеп жатыр. Әзірге болашағына балта шабылғанын  қызым  білмейді, ертең бойжеткенде тағдыры қалай болады деп   еңірейді шарасыз ана. Үшінші сыныпты үздік аяқтаған Әселдің арманы көп-ақ.  
 
А. Төребекқызы