Спорт Қазақстан
$443.44 €480.51 ₽4.88
×

Оқу-ағарту министрі білім бөлімдерінің басшыларына ескерту жасады

AstanaTV
21.06.2022ж. 20:00
1471
Оқу-ағарту министрі білім бөлімдерінің басшыларына ескерту жасады

Баланың бәріне бақытты балалық шақ жасап бере алмай отырғандық өз алдына, оларға лайықты жағдай да жасалмай тұр. Осылай деген оқу-ағарту министрі білім бөлімдерінің басшыларын сынға алды. Айтуынша, балалар жылына арналған жоспарға көңілі толмайды. Өңірлердің білім бөлімі басшыларына осы жылы нақты қандай тапсырмалар орындалады, жоспарға не кіреді деген сұрақтарға дайын болыңдар деп ескертті. Бекітілген жоспардағы 200 іс-шараны 2 апта ішінде қайта қарап, толықтыруды тапсырды.

Асхат АЙМАҒАМБЕТОВ, ҚР ОҚУ-АҒАРТУ МИНИСТРІ:

Балалар жылы бойынша өңірлердің жоспарларын қайта қарау керек. Оларды толықтыру керек. Қазір көзім жетіп отыр, жалпы жүйелі мәселелер мен күнделікті болып жатқан мәселелерді айыра алмай отырсыздар. «Осыншама мектеп жөндеп жатырмыз» дейсіздер. Ол алдыңғы жылы да жөнделді, жөнделуі керек те.


Сонымен қатар «Балаға лайық» жобасын жетілдіруді жүктеді. Министр кейбір мектептің басшылары мекемедегі мәселелерді жоғарыға жеткізген қызметкерлерге шара қолданған, егер бұл дәлелденсе, министрлік білім бөлімінің басшысына да, мектеп басшысына да қатаң шара қолданатынын ескертті. Бұдан бөлек, министр мектеп асханаларындағы ас мәзірін қайта қарап, бағаларды реттеу керек деді.

Асхат АЙМАҒАМБЕТОВ, ҚР ОҚУ-АҒАРТУ МИНИСТРІ:

Әр білім бөлімі, әр білім басқармасы бұған көңіл бөлуі керек. Елорда мектептерінің өзінде бағаның өсуі бар. 0,5 литр судың бағасы 350 теңге деген масқара. Басқа облыстар да мектеп асханаларындағы бағаны қараңыздар. Осы мәселені жүйелі шешу үшін тиісті заңнамалық өзгерістер енгіземіз. Жаңа оқу жылына дейін бұл проблема шешілуі керек.


А. Базарбай