Спорт Қазақстан
$445.66 €474.58 ₽4.78
×

"Бруцеллезге шалдықты" деп сау малды қырып жатыр,-тұрғын

AstanaTV
21.06.2022ж. 20:00
1623
"Бруцеллезге шалдықты" деп сау малды қырып жатыр,-тұрғын

Солтүстік Қазақстан облысы Аралағаш ауылының халқы ветеринарларға ашулы. Айтуларынша,  олар   бруцеллезге шалдықты деп сау малды қырып жатыр. Түлікке төленетін өтемақыны да алмадық дейді.  Ал мал дәрігерлерінің бұған айтар уәжі қандай? Тараптарды тілшіміз Абзал Құрманкин тыңдады.  

Төрт баланың анасы Сәния Нәбиева ұзақ жылдардан бері мал шаруашылығымен айналысады. 2019 жылы көп балалы отбасы мал басын көбейтуді көздеп, мемлекеттік бағдарлама арқылы 3 миллион теңге несие алған. Алайда, 11 сиырдың игілігін көре алмапты.  Ветеринарлар  түліктен бруцеллез ауруын тауып,  оны қаладағы шұжық зауытына өткізуге  мәжбүрледі, дейді.  2 жылдан бері өтемақысын төлемеген.   

Сәния НӘБИЕВА, АРАЛАҒАШ АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Бруцеллез деп біздің сиырларды біртіндеп алып кетті. Енді біз өтемақы алу үшін жанағы колбасный цехтардан справка сұрадық. Ол кісілер сендердің малдарың таза дейді. Біз енді не істейміз? Сол міне екі жыл болды әлі қудалап жүрміз. Кредит енді төлеп жатырмыз. Ай сайын 100 мыңнан береміз.

Аралағаш ауылында 2020 жылы  400-ге жуық қара мал  болған. Халық бруцеллездің кесірінен соның төртінші бөлігінен айырылып қалғандарын айтады. Ветеринарларға әбден сенуден қалдық дейді.  Себебі, жергілікті мамандар жасайтын сараптама қорытындысы, ет зауытында көп жағдайда расталмайтын көрінеді.

Мұсат МАҚАЖАНОВ, АРАЛАҒАШ АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Қан алған сайын расталады деп айта алмаймын. Өйткені, ана жолы бес малың ауру деп келді. Бес малдың екеуінде ғана бирка сәйкес келеді. Қалғанынікі келмейді. Менде жоқ ондай нөмірлер. Ал енді маған бес малыңды бер дейді.


Ал ветеринарлар ет комбинатының мамандары әдетте малдың ішкі ағзасына қарайды, дейді. Ал қанның құрамында бар бруцеллез ішкі мүшелерге бірден әсер бермейтінін айтады.  Сондықтан зауытта қоздырғыш расталмай жатады, дейді.

Берік ӘЛЖАНОВ, СҚО ВЕТЕРИНАРИЯ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ:

Мясокомбинатқа барар алдында олар алдын ала мясокомбинатпен келісімге отыру керек. Яғни сол бруцеллезге тән патологиялық белгілер болмаса, онда олар бұл етті өздері алып, басқа жерге шексіз сатуға еркін. Заң бұған рұқсат береді. Сойғаннан кейін 12 сағаттан кейін бұл етті шексіз пайдалануға болады.

Жыл басынан бастап Аралағаштағы 21 ірі қарада бруцеллез анықталған. Күрделі сараптама кезінде індет расталса, ауылға шектеу шаралары енгізілуі мүмкін.

А. Құрманкин