Спорт Қазақстан
$444.14 €477.05 ₽4.85
×

Ұлттық құрылтайдың өзегі болатын үш құндылық аталды

AstanaTV
21.06.2022ж. 20:00
2047
Ұлттық құрылтайдың өзегі болатын үш құндылық аталды

Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин  Ұлттық құрылтайдың өзегі болатын  үш құндылықты атады.  Айтуынша, жиынның жасақталуында, оның өткен орны мен уақытында бірқатар идеологиялық тұжырымдарды қамтитын ой бар. Бірінші ой-біздің мемлекеттігіміздің тарихы тым тереңде. Құрылтайдың Жошы хан кесенесі іргесінде өткізілуінде ерекше мән жатыр дейді Қарин.  Екінші ой – ұлтты ұйысуға үндеу.  Құрылтайдың алғашқы отырысы ұлт ұясы Ұлытауда өтуі де тегін емес.  

Ерлан ҚАРИН, ҚР МЕМЛЕКЕТТІК КЕҢЕСШІСІ:

Екінші жиын Түркістанда болады. Бұл халқымыз үшін киелі жерлер. Сондықтан мұнда барша халқымызды бірлікке шақырған идеологиялық ой бар. Құрылтайдың дәл осы уақытта өтуі де бекер емес. Келелі жиын ел дамуының жаңа бағытын айқындаған және ұлттың ұйысуының жаңа деңгейге көтерілгенін көрсеткен жалпыхалықтық референдумнан кейін өтті.

А. Базарбай