Спорт Қазақстан
$441.66 €475.14 ₽4.86
×

Кәсіпкерлерге қолдау көрсетіледі

AstanaTV
21.06.2022ж. 20:00
983
Кәсіпкерлерге қолдау көрсетіледі

Алматы қаласының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі  сыртқы экономикалық қызметке қатысушылардың проблемалық мәселелерін талқылау бойынша дөңгелек үстел ұйымдастырды.  Қатысушылар бұл кездесу бизнес-қоғамдастық үшін қолайлы жағдай жасауға және кәсіпкерлердің мемлекеттік билік институттарына сенімін арттыруға әсер етеді дейді.    Басқосуда кәсіпкерлік саласына қатысты проблемалар көтерілді.   Кедендік шекара арқылы тауарлар мен көлік құралдарын өткізу мәселелері  талқыланды.

Рустам ЖҮРСІНОВ, ҚАЗАҚСТАН КӘСІПКЕРЛЕРІНІҢ ҚҰҚЫҚТАРЫН ҚОРҒАУ ЖӨНІНДЕГІ УӘКІЛ:

Бүгінгі кездесу бизнес-қоғамдастық үшін қолайлы жағдай жасауға және кәсіпкерлердің мемлекеттік билік институттарына сенімін арттыруға септігін тигізбек. Қазір бізде мұндай жиындар жиі болуда. Күні кеше бірқатар қала кәсіпкерлерінің ұсыныстарын тыңдадық. Онда нормативтік құқықтық актілерге байланысты шағымдар айтылды.

Талқылау барысында Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл сыртқы экономикалық қызмет саласындағы кәсіпкерлікті қолдау жөніндегі мемлекеттік саясаттың тиімділігін арттыруға ықпал ететін ұсынымдар айтты. Мемлекеттік органдар кәсіпкерлердің сұрақтарына толық түсініктеме беріп, бірқатар нақты өтініштерді бақылауға алатындарын жеткізді. Комитет кедендік бақылау әдістерін жетілдіруге арналған жұмыстарды жалғастырады. Сыртқы экономикалық қызметтің адал қатысушыларына да қолайлы жағдай жасайды.

Ә. Лесбек