Спорт Қазақстан
$449.58 €486.94 ₽4.86
×

Қарағандыда «Amanat» партиясы «Кедергісіз келешек» жобасының қатысушыларын марапаттады

AstanaTV
21.06.2022ж. 20:00
1153
Қарағандыда «Amanat» партиясы «Кедергісіз келешек» жобасының қатысушыларын марапаттады

Қарағандыда «Amanat» партиясы «Кедергісіз келешек» жобасының қатысушыларын марапаттады. Мұндай құрметке лайық жандар көп. Олардың арасында қоғамдық бірлестік жетекшілері мен белсенділері бар. Өз денсаулықтары нашар болса да қоғамның әлсіз топтарын қолдағандары үшін ақшалай сыйлықтар мен алғыс хаттар табысталды. Инватакси қызметі, мүмкіндігі шектеулі балаларды сауықтыру, ерекше жандар мен балалар арбалары жүретін ыңғайлы жол салу секілді түрлі мәселелерді көтеріп, шешіп жүр, - дейді аманаттықтар.  

Әлия СҮЛЕЙМЕНОВА, «ЛОГОС- ҚАРАҒАНДЫ» ҚБ ЖЕТЕКШІСІ:

Осы марапат алу үшін оны істеген жоқпыз. Өзіміздің күнделікті өміріміз.Біздің айтқандарымызды мемлекет естиді, тыңдайды және істейді. Біз өзіміз айтпасақ өзіміздің мәселелерімізді оны кім біледі?


Бекзат АЛТЫНБЕКОВ, «AMANAT» ПАРТИЯСЫ ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ АТҚАРУШЫ ХАТШЫСЫ:

Бұл енді бір мәрте емес күнделікті осы «Кедергісіз келешек» жобасы жүзеге асып отыр. Себебі ерекше азаматтар бар жаратылған, солардың бір деңгейде өмір сүруіне жалпы халықтың қатарында болуына бар мүмкіндіктерді жасау.


А. Қуаш