Спорт Қазақстан
$443.35 €475.54 ₽4.82
×

Желкенді қайықшылар Бурабайда бас қосты

AstanaTV
21.06.2022ж. 20:00
1416
Желкенді қайықшылар Бурабайда бас қосты

Қазақстан мен Ресейдің үздік қайықшылары Бурабайда бақ сынады. Пандемиядан кейін қайта жанданған додаға екі елдің ең үздік 6 экипажы  қатысты.

Желкен керіп жарыс жолына шыққан қатысушының бірі - Константин Торопов. Аталған спортқа алғашқы қадамын тоғыз жасында жасаған ол Екатеринбургтің тумасы. Қайықшы Бурабайды жүзуге арналған сүйікті орындарының бірі деп санайды.

Константин ТОРОПОВ, ҚАЙЫҚШЫ:

Бурабай бізге қатты ұнайды, біз мұнда әрдайым қуана келеміз. Мұнда бәрі әдемі, табиғаты ерекше. Бізді қуана қарсы алатын жандардың қонақжайлығына тәнтіміз. Жарыс өте жақсы деңгейде өтуде.

Қатысушылар «Микро» және «желкенді катамаран» санатындағы қайықтарды тізгіндеді. Олар су көлігін басқару дағдыларын көрсетіп, желкенді көтеру жылдамдығы бойынша мықтыны анықтады.
 
БЛИЦ:

- Өте ерекше атмосфера. Әсері бөлек.

- Керемет сөз жоқ. Балалар дән риза. Менің ойымша, барлығы жақсы әсер алуда.

- Мен бесінші мәрте осындамын. Ұйымдастыру әрдайым жоғары деңгейде.

 
Желкенді қайық елімізде кенже қалған спорт түрінің бүрі. Десе де Ақмола облысында соңғы жылдары қарқын алып келеді. Ұйымдастырушылар аталмыш бағытты дамыту үшін  Бурабай таптырмас, ең үздік орын екенін айтады.

Шынарбек БАТЫРХАНОВ, АҚМОЛА ОБЛЫСЫ ТУРИЗМ ЖӘНЕ ДЕМАЛЫС ИНДУСТРИЯСЫ ҚАУЫМДАСТЫҒЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:


Бүгінгі жарысқа қатысушылар өз ісінің кәсіпқойлары. Олар оны елімізде өткен сайыстар мен халықаралық додаларда дәлелдеген.  Бүгін Marine Club яхт-клубының алаңында өткізілген желкенді регата халықаралық мәртебеге ие болды және халықаралық оқиғалар күнтізбесіне кірді.

Жарыс жеңімпаздары мен жүлдегерлері дипломдармен марапатталып, ақшалай сыйақыға ие болды. Әйтсе де қатысушылар «Тылсым табиғаттан әсер алып, сүйікті іспен айналысудан артық марапат жоқ», -  дейді.
 
Ә. Бердібеков