Спорт Қазақстан
$446.49 €475.38 ₽4.79
×

Қант мәселесі қашан шешіледі?

AstanaTV
22.06.2022ж. 20:00
1046
Қант мәселесі қашан шешіледі?

Қазақстандықтар тәттіге құмар. Орта есеппен алғанда елімізде бір адам айына 1 жарым келі қант тұтынады. Алайда, тәтті өмірдің дәуірі алыстап барады. Осыдан төрт ай бұрын басталған қант мәселесі әлі біржақты болған жоқ.  Қанттың бағасы шарықтап, 1 келісі 600-900 теңге аралығында сатылуда. "Бұл мәселені шұғыл шешу керек" дейді депутаттар.    

Фахриддин ҚАРАТАЕВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, "AMANAT" ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:

Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасының бұлайша өсуі халық арасында үлкен наразылық тудыруы мүмкін. Республиканың қантқа деген сұранысы орта есеппен 550-600 мың тоннаны құрайтынын ескере отырып, мәселе шұғыл шешімді талап етеді. Қанттың 10%-ы ғана біздің шикізаттан өндірілсе, қалғаны импортқа тәуелді.

Әлемдегі экономикалық санкцияларға байланысты логистика қиындап, қаржы операциялары қиындауда. Мәжіліс депутаты бұл мәселені шешудің жолдарын ұсынды. Мемлекет тарапынан берілетін тарифтік тасымалдау мерзімін өте аз деген ол, оны 5-6 айға дейін ұзартуды және тарифтік жеңілдікпен қантты 550-600 мың тоннаға дейін әкелуді қарастыру керек деді.

А. Базарбай