Спорт Қазақстан
$446.49 €475.38 ₽4.79
×

БҚО өзендерінен тырысқақ қоздырғышы табылды

AstanaTV
23.06.2022ж. 20:00
1379
БҚО өзендерінен тырысқақ қоздырғышы табылды

Батыс Қазақстан облысындағы өзен-көлдерден тырысқақ ауруының қоздырғышы табылды. Санитар дәрігерлер өңірдегі суқоймалардан 73 сынама алып, 14 үлгіден осы дерттің белгілерін анықтаған. Мамандардың айтуынша, тырысқақтың 150-дей түрі бар. Бұл - өте жұқпалы індет.  Басқа ішек ауруларынан ерекшелігі: бұл кеселден дені сау адамның өзі бірнеше сағатта өліп кетуі мүмкін. Осыған алаңдаған дәрігерлер өзен-көлде шомылған кезде балалармен қатар, ересектер де барынша сақ болуы керек деп дабыл қағуда. Қауіпті дерттің алдын алу үшін облыста күн сайын мониторинг жүргізіліп жатыр.

Нұрлыбек МҰСТАЕВ, БҚО САНИТАРЛЫҚ-ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ ДЕПАРТАМЕНТІ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Ұсынатынымыз тұрғындарға суды ішкен кезде қайнатып ішу, суға түскен кезде суды ішіп қоймау. Ыдыс-аяқты жуған кезде де міндетті түрде. Бұл таралу көздері ластанған судан пайда болады. Сондықтан жеке бас гигиенасын сақтау қажет.

Е. Карин