Ауа райы -
Негізгі / Жаңалықтар / Ауғанстандағы жер сілкінісінде қаза тапқандар саны 1000-нан асты

Ауғанстандағы жер сілкінісінде қаза тапқандар саны 1000-нан асты

Ауғанстандағы жойқын жер сілкінісі салдарынан қаза тапқандар саны мыңнан асты. Биліктегілер құрбандар одан да көп болуы мүмкін деп алаңдаулы. Жарақат алғандар саны да мың жарымға жуықтаған.  2000-ға жуық үй толығымен қирап, адамдар үйінділер астында қалуда. Жергілікті тұрғындардың құтқару жұмыстарын арнайы құралдарсыз жүргізуі жағдайды күрделендіре түскен. Талибандар  Халықаралық ұйымдарға жүгінуге мәжбүр. Бірақ апат аймағына апаратын жолдардың   сау тамтығы қалмаған. Салдарынан көмек жақын уақытта жетпейтін сыңайлы.

Рамиз АЛАКБАРОВ, БҰҰ-НЫҢ АУҒАНСТАНДАҒЫ ГУМАНИТАРЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕР ЖӨНІНДЕГІ ҮЙЛЕСТІРУШІСІ:

Біздің командаларда адамдарды қоқыс астынан шығаруға арналған арнайы жабдық жоқ. Алдын ала есептеулер бойынша, ең маңызды қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін бірден кем дегенде 15 миллион доллар қажет болады. Бізді азық-түлік пен адамдарды баспанаға орналастыру ғана емес, сонымен қатар су арқылы өтетін аурулардың алдын алу алаңдатады.


БҰҰ қазірдің өзінде 10 тоннаға жуық медициналық жабдықтар мен дәрі-дәрмектерді жіберді. 20 медициналық-санитарлық бригада ашылды. Бұл төтенше жағдай соңғы жиырма жылдықта болған ең қауіпті деп аталды. Еске сала кетейік, алты балдық жер сілкінісі Ауғанстанда бір күн бұрын болған. Бұл таулы провинциялардағы бірнеше аудандарға әсер етті.

Ә. Бердібеков