Спорт Қазақстан
$448.15 €483.46 ₽4.86
×

Қазақстан полициясына - 30 жыл

AstanaTV
23.06.2022ж. 20:00
1676
Қазақстан полициясына - 30 жыл

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев  Қазақстан полициясының 30 жылдығына арналған салтанатты жиынға қатысты. Президент салтанатты шарада полиция қызметкерлерін мерекемен құттықтап, бұл дата тәуелсіздік тарихындағы айтулы белес екенін атап өтті. Сондай-ақ, мемлекет басшысы полицияның билік пен қоғам арасындағы дәнекер болуы өте маңызды міндет екеніне тоқталып, азаматтармен қарым-қатынастың жаңа мәдениетін қалыптастыру қажеттігін алға тартты. Қасым-Жомарт Тоқаев сөзін қорытындылай келе, полицияның ұстанымын өзгертіп, жұмыстың жаңа үлгісіне көшуді басты міндет ретінде атады. Ол халқымыздың бейбіт өмір сүріп, өз елінің болашағына сеніммен қарауы полицейлердің адал қызметіне байланысты деді. Жиын соңында Мемлекет басшысы саланың бірқатар қызметкеріне мемлекеттік наградалар тапсырды.

Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ:

Полиция өз жұмысын барынша ашық жүргізіп, халыққа жақын болуға тиіс. Бюрократиядан арылатын уақыт әлдеқашан жетті. Бұл саяси кесел халықпен тікелей жұмыс істеуге кедергі келтіреді. Тұрғындардың орынды сын-ескертулерін  дұрыс қабылдаған жөн.  Олардың тиімді ұсыныстарын және бастамаларын мұқият қарау қажет.

Ә. Дүкембаева