Спорт Қазақстан
$448.15 €483.46 ₽4.86
×

6 өңірдің мұғалімдері еңбек демалысы мен сауықтандыруға арналған ақшаларын ала алмай жүр

AstanaTV
23.06.2022ж. 20:00
1226
6 өңірдің мұғалімдері еңбек демалысы мен сауықтандыруға арналған ақшаларын ала алмай жүр

Еліміздің 6 өңірінде мұғалімдердің  56 күндік еңбек демалысы  мен  сауықтандыруға бөлінетін  қаражат уақытылы төленбей отыр. Бұл мәселеге қатысты «AMANAT» партиясының қоғамдық қабылдау бөліміне  бірнеше мәрте шағым түскен. Бүгін  партия жанындағы білім беру және денсаулық сақтау  қоғамдық кеңесінің отырысында  қордаланған мәселе  талқыға түсті. Өңірлердегі  білім басқармаларының басшылары видеобайланысқа шығып, аймақтағы жағдайды сөз етті.  

Жігер ҚАЛИЕВ, «AMANAT» ПАРТИЯСЫНЫҢ ХАТШЫСЫ:
 
«AMANAT» фракциясы депутаттарының назарына үнемі мектеп мұғалімдері тарапынан шағымдар келіп түсіп жатады. Дер кезінде еңбек демалысына арналған ақшамыз бен сауықтандыруға бөлінетін  қаражатты ала алмай отырмыз деген хаттар көптеп түсуде. Сол себепті бүгінгі ашық кеңеске осы салаға қатысы бар барлық ведомство өкілдерін шақырды.

Ал оқу-ағарту вице-министрлігі «бұл олқылыққа біздің қатысымыз жоқ. Жергілікті атқарушы органдар бюджетті есептеу барысында қателіктерге бой алдырды» дейді.  Қызу талқыға ұласқан кеңес отырысында депутаттар,  видеобайланысқа шыққан білім басқармаларының өкілдері, оқу-ағарту министрлігіне, Үкіметтен қосымша қаржы сұрау мәселесін қарауды ұсынды.

Юлия КУЧИНСКАЯ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, «AMANAT» ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:

Бүгінде аймақтарға қаражатты тез арада тауып, мұғалімдердің ақыларын төлеуді міндеттедік. Олар осы ақшаны жергілікті бюджеттен ала ма? қайдан алатынын сұрап   жатқан жоқпыз. Арада біраз уақыт өткеннен кейін бұл ақшаның сұрауы болады. Әрине оқу-ағарту министрлігі  кінәміз жоқ деп ақталуда. Алайда барлығын жергілікті атқарушы органдарына ысырып қою дұрыс емес
.

А. Шамшидин