Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

ШҚО-да алтын өндіру фабрикасының құрылысына ауыл тұрғындары наразы

AstanaTV
23.06.2022ж. 20:00
1461
ШҚО-да алтын өндіру фабрикасының құрылысына ауыл тұрғындары наразы

Шығыс Қазақстан облысы Маралды кентінің тұрғындары  алтын өндіретін фабриканың құрылысына наразы.  Қалдықтар өзенге түседі, соның салдарынан көркем ландшафттар бүлінеді деп алаңдайды. Тұрғындар осыны айтып, "АМАNAT" партиясының мобильді қоғамдық қабылдауына жүгінді. Партиялықтар бұл мәселені қалай шешпек?   

Қоғамдық қабылдауға Маралды кенті тұрғындарының барлығы келді.  Олардың айтуынша, экологиялық тұрғыда алтын өндіретін жаңа зауыт адам денсаулығына әрі жайылым сапасына әсер етеді дейді.  

Нұрбек БАЙТҰРСЫН, МАРАЛДЫ КЕНТІНІҢ ТҰРҒЫНЫ:
 
Барлық шикізат осы жерде өндірілген неге соның бәрін жандандырмасқа? Халық үшін ештиеңе керек жоқ. Өзіміздің малымызды бағып жатайық, ал мыналарды қазіргі қопарған жерлері рекультивация жоқ. 1 см топырақ 100 жылда пайда болады.

Эколог Дәулет Асанов зауытта ең заманауи технологияларды қолдануға ниетті екенін айтты. Алтын алудың жабық циклі қалдықтардың су мен топыраққа енуіне жол бермейді, дейді сарапшы.

Дәулет АСАНОВ, ЭКОЛОГ:

Мына жерде бірнәрсе жарылып кетсе не болады деп. Соның мысалы есептеулері бойынша, бір ғана керек - 6 кв, оған қарамастан 6 тоған салып жатыр. Сонда 2 есе артық көлемі.


Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің пайымдауынша, жоба төңірегінде бос уәде болмау керек. Зулфухар Жолдасовтың айтуынша, жергілікті тұрғындардың барлық мәселелері назарға алынады. Фабриканың құрылысы барлық құзырлы органдармен келісілгенімен, қоғамдық тыңдауларда мақұлдаусыз оған кірісуге болмайды дейді.

Зулфухар ЖОЛДАСОВ, ҚР ЭГТРМ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ РЕТТЕУ ЖӘНЕ БАҚЫЛАУ КОМИТЕТІНІҢ ТӨРАҒАСЫ:

Қазір сараптама қаралып жатыр. Көпшіліктің тыңдауы болады. Кен орны салынатын жерге барып шықтым. Халықтың көпшілігі наразылықтарын білдіріп жатыр. Қарсы болып тұр. Біз соның бәрін алып, экологиялық қорытынды шығаратын боламыз.


Жиналыста геологтар, "фабриканы ауылдан бөлетін тауды ешкім бұзбайды. Бұл жобада жоқ. Алтын өндірілетін кен алаңының өзі де ауылдан үш шақырым жерде орналасқан" дейді.
 
Асхат ӘЗЕЛХАНОВ, "МАРАЛДЫ GOLD" ЖШС БАС ГЕОЛОГЫ:

Маралиха кен орны бұл мемлекеттік теңгерім комитеті үшін мемлекет резерв болады . Менің геолог ретінде айтарым, біздің басты міндетіміз - Қазақстанда жаңа инвесторлар үшін нысандар ашу, қорларды ұлғайту. Барлық ресурстар таусылып жатыр, жаңа кен орындарын табу керек.


Осыдан бірнеше жыл бұрын Маралды кентінде 500-ден астам отбасы болса, қазір соның 300 дейі ғана  қалған. Жергілікті билік жаңа кен орны ашылса, тұрғындарға жұмыс болады деп сенеді. Мәселе "АМАNAT" партиясының бақылауында болады.  
 
Ә. Дүкембаева